Журналистерге брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО-ның жұмысы туралы мәлімет берілді


 

Журналистерге брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО-ның жұмысы туралы мәлімет берілді

2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы 4 млн астам қызмет көрсеткен. Бұл туралы Өңірлік қарым-қатынас қызметінде өткен брифингте «ХҚКО» РМК ОҚО бойынша филиалының директоры Авганбайев Серік хабарлады.

Авганбайевтің айтуынша, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы 4 млн. астам қызмет көрсеткен. 2 млн адамнан астам халқы бар облыста 30 Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді.Олардың әрқайсысында        212 мамлекеттік қызмет көрсетіледі. Өткен жылы ОҚО-ның 65 мыңнан аса тұрғыны электрондықформатта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу үшін электрондық үкімет порталына жүгінген. Дәл сол уақытта 500 мыңнанастам адам электрондық цифрлық қолтаңба алған, олардың барлығы «Connectionpoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында е-қызметтерді өздігінен ала алады.

2015 жылы Мобильдік ХҚКО облыстың шалғай елді мекендеріне 1190 сапарға шығып, жергілікті тұрғындарға 32 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсеткендігін атап өткен жөн. Ағымдағы жылдаң басынан бастап мамандар шалғай елді мекендерге шамамен 9 мыңдай баламалы қызмет көрсеткен.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстар да тоқтатылмаған. Осылайша, 1 және 2 топ мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді үйлерінде алады. Мұндай сапарлар барысында ХҚКО қызметкерлері құжаттарды беру мен қабылдауды, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба беруді жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда олар ХҚКО арқылы көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестер өткізеді. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО бөлімдері үйде 4 332 қызмет, ал жылдың басынан 379 қызмет көрсеткендігін айта кетейік. Ал есту және сөйлеу қабілетінде кемшіліктері бар адамдарға кедергісіз қызметтер ұсыну үшін ХҚКО бөлімдерінде сурдоаударма дағдыларын меңгерген 89 маман жұмыс істейді.

Ең талап етілетін қызметтердің бірі болып мынадай электрондық анықтамалар қалып отыр: мекенжай анықтамалары, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы және зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар. ҚР азаматтарының жеке куәліктерін ресімдеуге өтініштер санының көбею үрдісін ерекше атап айтуға болады.

2015 жылы Шымкентте халыққа қолайлы болу үшін ХҚКО-ның екі жаңа бөлімі: Қаратау ауданының Нұрсәт шағын ауданында және Абай ауданының Қызылжар шағын ауданында ашылды. ХҚКО-ның жаңа бөлімдерін ашу тұраққа қою, жайпақ пандустар және тар үй-жайлар мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

«ХҚКО» ОҚО Баспасөз қызметі