Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері туралы


ЖОБА

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы  25 желтоқсандағы Кодексінің 505 бабының 2 тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түркістан қаласы бойынша 1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне арналған салықтық мөлшерлемелері 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 2,0 теңгеге дейін төмендетілсін.

2. «Түркістан қалалық маслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа  басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық маслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат

сессиясының төрағасы 

Қалалық мәслихат

хатшысы Ғ. Сарсенбаев