ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ ТҰРАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРГЕ ТАСЫМАЛДАУДЫҢ СХЕМАЛАРЫ МЕН ТӘРТІБІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Түркістан қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібі осы қаулының 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбековке жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                   Қала әкімі                                      Ә. Өсербаев