Түркістан қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы Қаулы

                                                                                                   ЖОБА

Түркістан облысы 

Түркістан қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

 2019 жылғы «_____»  желтоқсан                                                      №_______ 


Түркістан қаласының коммуналдық

меншігіндегі акционерлік

қоғамдардың және жауапкершілігі

шектеулі серіктестіктердің

дивидендтерінің көлемін белгілеу

туралы


 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2 тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қалалық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемі кемінде таза табысынан 50 (елу) пайыз болып белгіленсін.

2. «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Базарқұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қала әкімі                                                           Р.Аюпов