Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

Түркістан облысы                                  ЖОБА

Түркістан қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

 

 

____ ___________2019 жылы                  №______ Түркістан қаласы

 

 

 

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Түркістан қалалық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісімі бойынша), сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3.Түркістан қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы№ 41«Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-4-93 тіркелген, 2011 жылы 11 наурызда «Түркістан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының жетекшісі Қ.Мылтықбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Қала әкімі                                              Ә.Өсербаев

 

      КЕЛІСІЛДІ:

      Түркістан қалалық
      сайлау комиссияның төрағасы:
      __________Арысбеков Серғазы Ақтөреұлы

      ___ __________ 2019 жылы     

 

 

Түркістан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы  ___ ___________

№____ қаулысының

№1 қосымшасы

 

 

Сайлау өткізу кезеңінде, барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізімі

 

 

Түркістан қаласы, айналма тас жолы, қалалық емхананың тұсы;

Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, «Шайхислам» жастар орталығының тұсы;

Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, «Дастархан» супермаркетінің тұсы;

Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, Тельман аялдамасының тұсы;
Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі, «Астана» мейрамханасының тұсы;
Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, Амангелді аялдамасының тұсы;

Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, «Мерей» автобекетінің тұсы;
Түркістан қаласы, Темір жол вокзалының аумағы, Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебініңтұсы;
Түркістан қаласы, О.Жандосов көшесі, «МИГ» жанар-жағар май бекетінің тұсы;

Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы, «Алтын бұлақ» базарының тұсы.

 

 

 

                                                                                                    Түркістан қаласы әкімдігінің

2019 жылғы  ___ ___________
          № ____ қаулысының

№ 2 қосымшасы

 

 

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар тізімі

 

 

Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, қалалық Мәдениет үйі;

Түркістан қаласы, Шойынбет би көшесі н/з, №23 жалпы орта мектебінің акт залы;

Түркістан қаласы, Көктонды Әулие көшесі №13, №24 жалпы орта мектебінің акт залы;

Түркістан қаласы, Сығанақ көшесі № 2а, №27 жалпы орта мектебінің акт залы;

Түркістан қаласы, Н.Оңдасынов көшесі н/з, №17  К. Ататүрік атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;

Түркістан қаласы, Ататүрік көшесі №114, №5 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;

Түркістан қаласы, Төле би көшесі №119а, №16 Т.Бигельдинов атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;

Түркістан қаласы, Сандыбай көшесі №54, №18Ж.Еділбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залы.