Түркістан қаласындағы газет-телеарналар туралы мәлімет

Түркістан қаласындағы газет-телеарналар туралы мәлімет

Түркістан қаласында жұмыс жүргізіп жатқан 9 бұқаралық ақпарат құралы бар. Оның 7-і газет «Түркістан» және «Туркистон», «Ұстаз», «Түркістан  ұланы», «Тұран-ақпарат», «Ясауи мұрасы», «Аймақ», Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жанынан шығатын «Ясауи университеті» газеті, ал, 2-еуі телеарна, облыстық «Оңтүстік», жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасы.

«Түркістан», «Туркистон» қоғамдық саяси апталық басылым, таралымы 5328 дана. Негізгі бағыты мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру. Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауын, стратегиялық бағдарламаларды насихаттау, қалалық әкімдік тарапынан шыққан қаулылар мен өкімдерді, жергілікті маслихат шешімдерін оқырманға үздіксіз жеткізуші. Қала көлемінде орын алып жақтан жаңалықтарды тұрғындарға дер кезінде жеткізетін жаршысы. Елбасының сарабдал саясатын жұртшылыққа насихаттау мен түсіндіруде жетекші рөл атқарады.

«Тұран-ақпарат» газеті жергілікті жаңалықтарды жеткізумен қатар, жарнамалар мен хабарландырулар жариялайды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда, Елбасының дәстүрлі халыққа жолдауын, стратегиялық бағдарламаларын насихаттау барысында ішінара материалдар жариялап отырады. Таралымы 1000 дана.

«Ұстаз»  – ғылыми-педагогикалық көпшілік басылым. Түркістан аумағындағы педагогика, ғылым саласында орын алып жатқан жаңалықтардың жаршысы. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығы мен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан жалпы білім саласына енгізіліп жатқан өзгерістер туралы әрдайым хабарламалар беріліп отырады. Қала мектептерінде өтіп-жатқан мерекелік іс-шаралар, атаулы күндерге қатысты мәдени салтанатты шаралардың барасы туралы баяндап отырады. Таралымы 2200.

«Түркістан ұланы» – мектеп оқушылары мен балаларға арналған басылым. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу барысында еліміздің білім саласындағы, мектеп оқушыларының Аталмыш газетте жергілікті білім саласындағы өзгерістер, жаңалықтар, қала мектептеріндегі жас қаламгерлердің шығармашылығы жарияланады.Таралымы 3150 дана, айына екі рет жарық көреді.

«Ясауи Мұрасы» газеті – 2016 жылдың қазан айынан бастап «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жанынан жарыққа шығуда. Газеттің таралымы 1000 дана, айына бір рет жарық көреді. Тарихи-шежірелі құндылықтарға бай Түркістан аумағында  180-ге жуық мәдени-архитектуралық, зайырлы-діни орындар, 24 мың жәдігер бұл күнде қорық музей есебінде. Тарихи шахардың өткенінен құлағдар етіп, халқымыздың салт-дәстүрінен, әдет ғұрпынан, тамыры терең тарихынан сыр шертетін мұндай басылым қалың оқырманның сұранысын қанағаттандырары сөзсіз.

«Аймақ» - апталық танымдық, қоғамдық газет. Таралымы – 3500 дана. Газет аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал жайында әлеуметтік әлеует тұрғысында тұрақты материалдар беріп отырады.

«Ясауи университеті» 2019 жылдың қаңтар айынан бастап газет электронды форматқа ауысқан. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жанынан шығатын басылым. Университет жаңалықтарымен қатар қала аумағында орын алып жатқан жаңалықтарды да қамтитын, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуші, ғылым мен білім саласындағы бағдарламалар, жастар саясатын насихаттау да, мәдени, әлеуметтік әлеуеттің айнасы.