Түркістан қаласындағы білім беру саласы туралы мәлімет

Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 37 мектеп (26 жалпы орта мектеп, 1 мектеп-лицей, 5 мектеп-гимназия, 1 аймақтық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, 4 бастауыш жекеменшік мектеп) 5 мектептен тыс мекеме, 85 балабақша (оның ішінде 64 жекеменшік) жұмыс істейді.

Саралап айтар болсақ, 37 мектепте 41691 оқушы білім алуда. Тілдік жағынан қарасақ, 16 мектеп таза қазақ тілінде, 1 орыс тілде, 20 мектеп аралас тілде білім береді.

Мектепке дейінгі мекемелердің жағдайына тоқталсақ, мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларда 11542 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сонымен қатар, мектеп жанынан ашылған 3 шағын орталықтарда 434 бала тәлім мен тәрбие алуда.

Қалада «Балалар мен жасөспірімдер орталығы», «Саз мектебі», «Өнер мектебі», «Жас туристер станциясы» және «Қолөнер мектебі» жұмыс атқарады. Онда 2647 оқушы түрлі үйірмелерге қатысып, қосымша білім алуда.

Түркістан қаласындағы білім бөліміне қарасты мекемелерде 4016 мұғалім жемісті еңбек етеді. Ұстаздарымыздың 3960-і жоғары білімді болса, 56 мұғалім орта арнаулы білімге ие. 1090 мұғалім жоғары санатқа, 945 мұғалім І санатқа, 996 мұғалім ІІ санатқа ие болса, 985 мұғалімнің санаты жоқ. Педагог модератор 521, педагог сарапшы 447, педагог зерттеуші 419, педагог шебер 41.