Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Түркістан қаласында

стационарлық емес сауда

объектілерін орналастыру

орындарын бекіту туралы

 

     

 

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңын 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда кызметін реттеу туралы" Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 11148 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Түркістан  қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1. Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін орындары  қосымшаға сәйкес белгіленсін.

   2. "Түркістан қаласы  әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

  3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан қаласы  аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

  4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы  әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы  әкімінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Қала әкімі                                 Ә.Өсербаев

 

 

 

 

 

 

Түркістан  қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "" сәуірдегі

№ ....... қаулысынақосымша

 

 

Түркістан  қаласының стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру

үшін арналған орындар

 

1

Түркістан қаласы,  Б.Саттарханов көшесі,   "Түркі бағы", Түркістан–Шымкент бағытындағы кіреберіс алаңы

2

Түркістан қаласы,  Б.Саттарханов көшесі,   "Түркі бағы", Шымкент-Түркістан бағытындағы кіреберіс алаңы

3

Түркістан қаласы,   «Н.Ондасынов» аллеясы Тауке хан даңғылы жағындағы кіреберіс алаңы.

4

Түркістан қаласы,   "ПАРАСАТ"саябағы, кіреберіс алаңының екі жанында

5

Түркістан қаласы,   "Жеңіс"саябағы, сол бетіндегі кіреберіс алаңы, аялдаманың жанында

6

Түркістан қаласы,  «Түркістан» стансасы алдындағы алаңы, аллеясының алды

7

Түркістан қаласы,  Яссы көшесінің бойындағы «Ескі Сарай» аялдаманың жанында

8

Түркістан қаласы,  қалалық бағыттындағы №1 а соңғы аялдамасы

9

Түркістан қаласы,  қалалық бағыттындағы № 2  соңғы аялдамасы " Ремзауыт"

10

Түркістан қаласы, «Бекзат» мөлтек ауданы  «Индустриалды аймақ» аялдамасының жанында

11

Түркістан қаласы, «Отырар» мөлтек ауданындағы №1 әлеуметтік дүкеннің жанында

12

Түркістан қаласы, Шойынбет би көшесі,  «Каспий» моншасының жанында

13

Түркістан қаласы,, Сандыбай мен Қазакбаев көшелерінің киылысы,  №3 қалалық бағытының соңғы аялдамасы

14

Түркістан қаласы, Төлеби мен Аблайхан көшесінің қиылысы

15

Түркістан қаласы,, Төлеби мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы

16

Түркістан қаласы,,   «Версаль» ғимаратының алдында

17

Түркістан қаласы, 1 мамыр көшесі, «Халық банк» аялдамасының жанында