Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындайтын ережесін бекіту туралы Қаулы жобасы

ЖОБА

Түркістан қаласында стационарлық

емес сауда объектілерін орналастыру

орындарын айқындайтын ережесін

бекіту туралы

  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңын 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы                        12 сәуірдегі "Сауда кызметін реттеу туралы" Заңының 8, 12 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде №11148 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындайтын ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Бизнесті қолдау және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.


       3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасарына жүктелсін.

         4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



                           Қала әкімі                                     Р. Аюпов