Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы ҚАУЛЫ

ЖОБА


Түркістан облысы

Түркістан қаласының әкімдігі

ҚАУЛЫ

2019 жылғы «______»___________                                           №_______          

Түркістан қаласында жолаушылар

мен багажды қалалық қатынаста

автомобильмен тұрақты тасымалдаудың

бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.     Түркістан қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 60 теңге көлемінде белгіленсін.

2.     Түркістан қаласы әкімдігінің 27.12.2016 жылғы «Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» №1778 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3.     Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Баирхановқа жүктелсін.

4.     Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.



Қала әкімі                                                                  Р.Аюпов

 


  «КЕЛІСІЛДІ»

Түркістан қалалық

мәслихат хатшысы

«___» ___________2019 жыл                                                      Ғ.Сәрсенбаев