Түркістан қаласы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы

Түркістан қаласы әкімінің аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы

                Ішкі талдау объектісі: «Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат).

Түркістан қаласы әкімінің 2019 жылғы 06 қыркүйектегі  №690 «Жұмыс тобын құру туралы» өкімімен құрылған жұмыс тобы құрылып, төмендегідей ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылдың 11 айы.

«Түркістан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтінің актілеріне, Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 01 тамыздағы № 1155 ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

2019 жылдың 11 айында Түркістан қаласы әкімдігінің (аппарат) 1764 қаулысы және Түркістан қаласы әкімінің 6 шешімі, жеке құрамға қатысты 235 және өндірістік мәселелер бойынша 98 өкімдер қабылданған. 1 қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен. Қабылданған құқықтық актілер тізімі тоқсан сайын Түркістан облысы Әділет департаментіне жолданады. Заңға қайшы нормативтік құқықтық актілер анықталған жоқ. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілер газетке жариялануда және Түркістан қалалық прокуратурасына тиісті мәліметтер жолдануда.

Жүмыс тобымен Түркістан қаласы әкімдігінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерін зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмаған.

Аппараттың жұмысын 6 бөлім қамтамасыз етуде. Аппаратта штаттық кестеге сәйкес 30 мемлекеттік қызметші және техникалық қызметкерлері бар.     3 мемлекеттік қызметшінің орны бос.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімдігінің құрамына 18 дербес бөлімдер кіріп, аппараттың персонал бөлімі қосымша дербес бөлімдерді мемлекеттік қызметкерлермен қамтамасыз ету жұмысын атқарады.

Аппарат жергілікті бюджеттен қаржыланатын жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурстық комиссия және тәртіптік комиссия жұмысын, жалпы кадр саясатын үйлестіреді. Қала әкімдігінде (дербес бөлімдермен бірге) 11 ай ішінде 10 кадр ауысушылығы болып, 51 лауазымға конкурс жарияланған (37 жалпы,                51 мемлекеттік органның қызметкерлері үшін ішкі конкурс, 22 барлық мемлекеттік қызметшілер үшін ішкі конкурс). Конкурстардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында барлық комиссия отырыстарына бақылаушылар қатыстырылды. Қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік қызметшілерінің оқу жоспарына сәйкес қайта даярлау курстарынан 10 және біліктілігін арттыру курстарынан 23 мемлекеттік қызметші оқудан өтті.

Түркістан қаласы әкімдігінің (дербес бөлімдермен бірге) штат бірлігі 2019 жылдың 4 тоқсанының аяғына штат бойынша – 142 бірлік, нақты жұмыс істейтіндердің саны – 123 бірлік, бос орын – 19 бірлік, ауысуы – 10 бірлік, өз еркі бойынша босатылғандар – 10, теріс себептер бойынша – 0, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – 37 қызметкер, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар – 6.

Қала әкімдігінің барлық қызметкерлері атқарып отырған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Қала әкімдігінің тәртіптік және конкурстық комиссияларының құрамы тиісті түрде бекітілген. Еңбек тәртібін бұзу, қайталап бұзу, мемлекеттік қызметкерлермен әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алмаған.

Сонымен қатар, әкімдіктің қызметкерлері тарапынан мүдделер қақтығысы туралы арыздар мен өтініштер тіркелмеген.

Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2019 жылдың 11 айында азаматтардан 5137 өтініштер өтініш, 43 шағым келіп түсті. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2018 жылдың есепті кезеңінде 4898), яғни 282 өтінішке артып отыр.


Оның ішінде:

-         жеке тұлғалардан 3949 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 4415 өтініш, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 466 өтінішке азайып отыр);

-         заңды тұлғалардан 566 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 251 өтініш, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 315 өтінішке артып отыр);

-         қала әкімі азаматтарды жеке қабылдауы 338 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 124 өтініш, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 214 өтінішке артып отыр);

-         қала әкімі орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы 327 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 108 өтініш, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 219 өтінішке артып отыр);


2019

2018

+,-

Жеке тұлға өтініштері

3949

4415

-466

Заңды тұлға өтініштері

566

251

+315

Қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы

338

124

+214

Т.Мұсаев (қала әкімінің орынбасары)

137

108

+219

Ж.Баирханов(қала әкімінің орынбасары)

118

М.Базарқұлов (қала әкімінің орынбасары)

72

Барлығы

5180

4898

+282



Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2019 жылдың 11 айында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 5180 өтініштер мен шағымдар тіркелсе,  оның ішінде 557 өтініш (2018 жылдың есепті кезеңінде 57 өтініш, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 473 өтінішке артып отыр) жоғары тұрған органдар арқылы келген. Оның ішінде: өтініштер


Жоғарғы органдар

2018

2019

+,-

Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігіне

27

-

-27

ҚР Премьер–Министр кеңсесіне, парламентке

14

1

-13

ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатына

-

«Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне

5

1

-4

Әр түрлі министрліктерге

4

1

-3

Түркістан облысы әкіміне

27

348

+321

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ТО бойынша департаментіне

-

8

+8

«Нұр Отан» ТО филиалына

3

45

       +42

ҚР Бас прокурорына

2

4

+2

ТО Прокурорына

2

33

+31

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ТО бойынша департаментіне

-

3

+3

ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне

-

3

+3

Басқа да органдар

110

+110

Барлығы

84

557

+473


Өтініштің көшірмесі (дубликат) - 143 өтініш, 1 өтініш бойынша мекен жайын табу мүмкін болмағандықтан қараусыз қалдырылды, 1 өтініш бойынша қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiндігіне байланысты құзырлы органға жiберiлдi, өз өтініші негізінде қараусыз қалдыруды сұрап жазған            5 өтініш.


Тіркелген  өтініштің барлығына  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,  жауап хаттары уақтылы берілген. Қаралған 4867 өтініштердің қорытындысы бойынша; 1075 өтініш (22,1%) қанағаттандырылған, 3789 өтінішке (77,9%) түсіндірме жауап берілген.

2019 жылдың 11 айында және 2018 жылдың осы есептік мерзімінде қарау мерзімі бұзылған өтініштер орын алмаған.

Сондай ақ, арызданушылар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты немесе мүдделер қақтығысы туралы арыздар мен өтініштер тіркелмеген.

Қала әкімі аппаратының 2019 жылға бекітілген бюджеті 701 млн 403 мың теңге, бюджет ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында қосымша нақтыланады. Жоспарланған қаржылардың жұмсалуы ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Түркістан қаласы әкімдігінің құрамындағы 9 мемлекеттік органмен (дербес бөлімдермен) 80 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетіледі.

2019 жылдың 3 – тоқсаны  бойынша жалпы – 52045 қызмет көрсетілген болса,  ХҚКО арқылы - 8400;   электронды түрде - 23892, тікелей -18539, егов порталы арқылы - 946, баламалы түрде көрсетуге мүмкіндігі болсада тікелей көрсетілгендер - 268 мемлекеттік қызмет  көрсетілген.

2019 жылдың 4 – тоқсаны бойынша ақпарат жинақталу үстінде. Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтары анықталмаған.

Ашықтық пен ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің ресми сайты, сондай-ақ Фейсбук желісінде парақшалары жұмыс істеуде.

Талдау кезеңінде қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық заңбұзушылығына қатысты теріс сипаттағы жарияларымдар болмаған.