ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2014 ЖЫЛҒЫ 16 ШІЛДЕДЕГІ №985 «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН, ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АТА-АНАНЫҢ АҚЫ ТӨЛЕУ МӨЛШЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

ЖОБА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

«_____» _______________                                                    № __                                               Түркістан қаласы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті   мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.10.2014 ж. №1119 қаулысына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі №985  «Мектепке дейінгі тәрбие мен   оқытуға  мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 22 тамызда №2792 санымен тіркелген, жергілікті «Туркістан», «Туркестон» газеттерінде 2014 жылғы 16 шілдеде жарияланған)  қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

«Осы қаулымен бекітілген №1 және №2 қосымшаларына өзгерістер енгізіліп, жаңа редақцияда жазылсын».   

2. Осы қаулы  алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.    

Қала  әкімі                                         Ә.Өсербаев

                                                         Түркістан қаласы әкімдігінің

                                                             2016 жылғы «__» __________

                                                             №____ қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қала атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

Түркістанқаласы

17505

15850

1655

 

                                                                                                 Түркістан қаласы әкімдігінің

                                                                                    2016 жылғы «____»_________

                                                                                    №___ қаулысына №2 қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

Айына бір тәрбиеленуші-ге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар

Шағын орталықтар

Санатор-лық балабақша

Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер (балабақша, шағын орталық)

қалалық жерде

ауылдық жерде

балалар толық күн болатын

балалар жарты күн болатын

 

27 000

35 000

12 122

7 021

45 000

18 376