Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы

Түркістан қаласы әкімдігі  жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары туралы


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 13 ақпандағы №46 қаулысына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысымен қала әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, ережесі бекітілген. Комиссия мүшелерінің қызметтері ауысуына байланысты бүгінгі күнге дейін комиссия құрамына өзгерістер енгізіліп келеді. 2019 жылы соңғы рет қала әкімдігінің 15.08.2019 жылғы №1196 қаулысымен комиссияның құрамына өзгерістер енгізіліп, қалалық мәслихаттың шешімімен қайта бекітілді. Комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары мен комиссия отырысында қаралатын мәселелердің тізбесі бекітіліп, соған сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

2019 жылы қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2 рет отырысы өткізіліп, мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Сонымен қатар, комиссияның 3 тоқсанындағы отырысы ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында өткізу жоспарлануда.

Атап айтқанда, 2019 жылғы комиссия оытырыснда қала көлеміндегі құрылыс нысандарына мемлекеттік сатып алуды өткізу барысы туралы, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес жүргізілуі, Жастар саясаты мәселелерін басқару – жастар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және білім беру, Ветеринария талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржылардың тиімді жұмсалуы туралы, Жер телімдерін беру кезінде және конкурстар мен аукциондарды өткізуде заңдылықтардың сақталуы туралы және қаладағы мемлекеттік сатып алулардың және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы туралы мәселелер енгізіліп, талқыланды.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің 2018 жылғы 3 тамыздағы №226 қаулысымен бекітілген, Түркістан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарында көрсетілген шаралар мен тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Сондай-ақ қала әкімдігінің апталық және әкімдік мәжілістерінде қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен басқа да аумақтық мекемелерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының сақталуы, іс-шара жоспарлары мен жәжіліс хаттамаларында берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі баяндалып отырады.

Сонымен бірге қала әкімдігінің 2019 жылдың 20 қаңтарында Түркістан қаласы аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар үшін медиа жоспары бекітілген. Осы жоспарға сәйкес, Түркістан қаласы бойынша дербес бөлім басшыларының ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және ҚР Президентінің «ҚР мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексі туралы» Жарлығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық қорғау органдарының қызметі жөніндегі жұмыстары туралы материалдар жергілікті газеттер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып келеді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы газет бетіне 28 мақала жарияланған. «Түркістан» газетіне – 16 мақала,  «Ұстаз» газетінде 8 мақала, «Аймақ» газетіне – 4 мақала жарияланған және алдағы уақытта да бұл жұмыстар тұрақты жалғасатын болады. Осыған қоса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында Түркістан қаласында 2 билбордтар ілінді.

Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мақсатында халық көп шоғырланатын мекемелердің яғни, қала әкімі аппаратының, дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің және ұйымдардың ғимараттарының алдында сенім жәшіктері орнатылған. Ай сайын жергілікті «Түркістан» газетінде қала әкімдігінің барлық дербес бөлімдері мен ауылдық округтердің сенім телефондары көрсетіліп, халықтың назарына ұсынылып келеді.

Түркістан қаласы тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру және алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған үгіт насихат жұмыстарын жүргізу үшін құрылған ақпараттық насихаттық тобы 2019 жылдын 8 айында қала көлемінде жалпы алғанда, орта және арнаулы оқу мекемелерінде 9 кездесулер өткізілді. Жалпы 1200 адам қамтылды. Бұл кездесулердің өткізілгендігі туралы кездесу хаттамалары /суреттері мен бейнетаспалары/ толық жинақталған.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы тұрғындарының арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша қала тұрғындарының көзқарастарын» анықтау мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде, Оңтүстік Қазақстан облысының болжау және талдау орталығымен 2019 жылдың 3 тоқсанында қала тұрғындарымен сауалнама жүргізіліп, жалпы 600 респондент қамтылды.

Зерттеудің негізгі мақсаты Түркістан қаласы тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарастарын зерттеу және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының тиімділігі туралы пікірін зерделеу болып табылады. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының 18 және одан жоғары жастағы Түркістан қаласында тұратын қазақ, орыс және басқа ұлттардың ересек азаматтары алынды. Зерттеу пәні - Түркістан қаласындағы сыбайлас жемқорлықтың таралуының негізгі тенденцияларын талдау болып табылады.

Сондай-ақ, қала әкімдігі Заң талаптарын орындау мақсатында халыққа тиісті жағдайлар жасауда. Атап айқанда, Түркістан қалалық Жер қатынастары бөлімінде жер алуға өтініш білдірген азаматтардың кезегі арнайы тақтаға ілінген. Бұл кезек туралы мағлұматты әрбір азамат веб-сайтта көруіне болады және жер мәселелеріне байланысты конкурстар мен аукциондар «Түркістан» газетінде жарияланады.

 Осыған қоса, Түркістан қаласы әкімдігінің веб-сайты арқылы қала әкіміне кез-келген азамат өз сұрағын қоюға толық мүмкіндігі бар. Қызметкерлердің жыл сайынғы декларациялары заң талабына сай тапсырылуда. Қала әкімі аппаратына, қала әкімдігіне қарасты бөлімдерге және ауылдық округтерге әкімшілік мемлекеттік қызметтерге орналасу барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының, ҚР Президентінің «Мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексі туралы» Жарлығының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптары қатаң сақталады. 

Түркістан қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Білім бөлімінің, Жер қатынастары бөлімі, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі,  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызметтер Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қалалық филиалы арқылы жүргізілуде. Бұл дегеніміз жеке азамат пен мемлекеттік қызметшілер арасындағы тікелей байланысқа тосқауыл болып табылады.

Түркістан қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер арасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, 2019 жылы 90 мемлекеттік сатып алу конкурстары  жарияланып, оның 60 аяқталды. Конкурстарды өткізу барысында Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды өткізу Ережесін бекіту туралы» 27.12.2007ж. №1301 қаулысы басшылыққа алынып, жалпы мемлекеттік сатып алу конкурстары заңға сәйкес ашық әркімге қол жетімді түрде ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қала әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдерде жемқорлыққа қарсы күресте жаңадан қабылданған нормаларды мекеме қызметкерлерінің арасында толық түсіндіру мақсатында жиналыстар ұйымдастырылған.

2018 жылдың 12 айында Түркістан қаласы әкімдігінің 17 қызметкері, 2019 жылдың 8 айында 7 қызметкер Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және этикалық  нормаларды сақтау бойынша семинарларға қатысқан.

2017 жылдың 12 айында 3 мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілген, сондай-ақ, Шаға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Егізбаев (қылмыстық кодекстің 367-1) пен қалалық «Ветеринарлық қызмет» МКК-нің директоры Ы.Жұмабековке (қылмыстық кодекстің 366-2) қатысты қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде соттың айыптау үкімімен кінәлі боп танылып, атқаратын қызметтерінен босатылған болатын. Ал 2018 жылдың 12 айында және 2019 жылдың 8 айында жоғарыда аталғандай жағдайлардың орын алмағандығын мәлімдеймін.  



Түркістан қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі