Түркістан қалалық мәслихатының әкімшілік-аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясы көшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ


Түркістан қаласы   №4  19.09.2018 жыл. сағат 11:00
 
   Қатысқан:72    Қолдағандар: 72, қолдамаған: 0 Комиссия  төрағасы:  Е.Мұстапаев № 6 округінің депутаты, қалалық мәслихатының әкімшілік-аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы. Жүргізуші: Е.Мұстапаев тұрақты комиссия төрағасы                 Комиссия  мүшелері: С.Арыстанов, А.Тилепова, Ғ.Сәрсенбаев, А.Темірбаев.  Қатысушылар: Қала әкімі орынбасары Ғ.Рысбеков, «Түркістан», «Туркистон» газетінің директор-редакторы М.Алмахан ономастика мәселелері бойынша құрылған жұмысшы топтың мүшесі, ХҚТУ профессоры Х.Тұрсын, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Жұмабекова.     
КҮН  ТӘРТІБІНДЕ:
 
Түркістан қаласындағы атауы жоқ, нөмірленген /3 көшеге/ көшелерге атау беру туралы.
 
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия төрағасы Е.Мұстапаев хабарлама жасады. М.Дүйсебеков: Құрметті  депутаттар,   құрметті  көпшілік   тыңдауына   қатысушылар!
Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Қазақстан  Республикасының  әкімшілік-аумақтық  құрылысы  туралы»  1993 жылғы   8 желтоқсандағы Заңның және Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге,  елді   мекендердің құрамдас  бөліктеріне   атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын   нақтылау  мен өзгерту  кезінде  тиісті   аумақ  халқының  пікірін  ескеру  қағидаларын  бекіту  туралы»  2014 жылғы  24 ақпандағы   №138   Қаулысының  нормаларына  сәйкес, Түркістан қаласындағы атауы жоқ 3 көшеге атау беру туралы хат келіп түсті.
 Жоғарыда  аталған  нормативтік   құқықтық   актілердің  және   хаттың  негізінде,  тұрақты комиссиялардың   көпшілік  тыңдауы  ұйымдастырылып  отыр. Осы мәселе бойынша жан-жақты талқылап, лайықтылығына мән беріп, өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
 Түркістан қаласы  әкімдігінен  келіп  түскен хат бойынша,  сөз Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Жумабекова беріледі.
Ж.Жумабекова: Құрметті  депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына  қатысушылар!  
Өздеріңізге белгілі Түркістан қаласындағы атауы жоқ 329 көше Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылып, 326 көше оң қорытынды алып, 3 көше қайтарылған болатын. Қазіргі таңға сол қалған 3 көшеге атау беру жұмыстары жүргізіліп, өздеріңіздің қарауларыңызға ұсынып отырмыз. 80 –ші көшеге Күйбасар атауын ұсындық. Өйткені бұл атау ұлттық құндылығымызды көрсететін ерекше ұғым. 216 –шы көшеге Майлытоғай атауын ұсындық. Ертеректе Түркістан маңында шөбі шүйгін қазақтың 4 түлігі осы жерде көбейіп, тұрғындардың әлеуметтік жадайы жақсарған деседі. Сондықтан бұл елдімекенге шоғырланушылар көп болған.  167 –көшеге дәстүр атауын ұсындық. Өздеріңізге белгілі Дәстүр салт-санамыз бен дінімізбен ділімізді айқындайтын негізгі ұғым. Сондықтан ұсынған атауларға оң қорытынды берулеріңізді сұранамын.     
 Е.Мұстапаев: Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!
Хабарламашыға қоятын сұрақтарыңыз болмаса келіп түскен хат бойынша ой пікірлеріңізді айтуды сұранамын. 
А.Темірбаев: қалалық мәслихат депутаты, комиссия мүшесі.
Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!
Ұлттық құндылығымызды дәріптейтін ерекше ұғымдағы тарихи атауларды ұсыну басты міндетіміз және осы айтылған ұсынысты қолдаймын.
   Ғ.Сәрсенбаев: қалалық мәслихат депутаты, комиссия мүшесі.
   Құрметті депутаттар, құрметті көпшілік тыңдауына қатысушылар!
   Иә, тарихи құндылығымыз бен ата-бабаларымыздың тұрған жері мен өзен, су атауларын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында қаламыздағы атауы жоқ көшелерге беру игі істердің бірі деп есептеймін.
             Е.Мұстапаев: Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! Тағы басқа ұсыныс пікірлеріңіз бар ма? Ұсыныс-пікірлеріңіз болмаса тиісті қаулы қабылдауымыз керек. Сіздерді қаулымен таныстырайын. Күн тәртібіне ұсынылған мәселені тыңдап талқылай келе, комсиссия отырысы
 
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
 
     1. Қаламыздағы нөмірленген атауы жоқ 3 көшеге атау беру туралы қала халқының пікірі бірауыздан мақұлдансын. 
     2. Көпшілік  тыңдау бойынша  тұрақты комиссия   отырысы   хаттамасының  көшірмесі,  ұсыныс  беруші, яғни   Түркістан қаласы  әкімдігіне  Заңнамаға сәйкес  туындайтын  іс-шараларды (интернет-ресурстарында  орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау   және  т.б)  жүргізу үшін жолдансын.
 
  
 
Отырыс  төрағасы  Е.Мұстапаев
 
Комиссия мүшелері, 
қалалық мәслихат депутаттары:  Ғ.Сәрсенбаев
А.Темірбаев
  С.Арыстанов
Д.Тәңірбергенов