Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2019 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2019 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы

М Ә Л І М Е Т І

 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты  4  бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда:

- еңбек қатынастарын үйлестіру;

- аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;

- мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау;

-Азаматтық хал-актілерін тіркеу

 

1.            Еңбек қатынастарын үйлестіру, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мәселелері туралы

 

Түркістан қаласында халықтың саны 165435 мың адам.

2019 жылдың  статистикалық көрсеткіштерге сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халық  саны 53069 жұмыссыздар саны 2669 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрады (жоспар 5,2 пайыз).

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны 25855 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 24545 адамды құрайды.

 

2.       Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан

қолдау  көрсету туралы


2019 жылдың 5 айында 132 отбасының 770 адамына 1858,6 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып. төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек 2019 жылдың 3 айында 1012 отбасының 5068 адамына 217204,8 мың теңге тағайындалып, игерілгені 152707,6 мың теңге.ҚР «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына ағымдағы жылы сәуір айынан бастап өзгеріс енгізілуіне байланысты 01.04.2019 жылдан 01.06.2019 жыл аралығында 10217 отбасынан өтініш қабылданып, 6243 отбасына тағайындалған. Оның ішінде 4230 отбасына  республикалық бюджеттен 676264,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен  95025,0 мың теңге жалпы 771289,0 мың теңге төленді.

Одан басқа, аз қамтылғандарды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары да ұйымдастырылуда. 2019 жылы жалпы демеушілер тарапынан  1080 аз қамтамасыз етілген азаматтарға азық-түлікпен және басқада көмектермен 12144,9 мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді.

 

3. Аға ұрпақ өкілдері туралы және мүгедектерді әлеуметтік

қолдау шаралары туралы

 

Түркістан қаласында 11106 зейнеткер тұрады. Оның ішінде:

·                    Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері -6

·                    соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер - 219;

·                    тыл еңбеккерлері-746;

·                    көп балалы аналар-7921;

·                    мүгедектер 1-2-3 топ- 6925

 

2019 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 704 жолдама бөлінген: қазіргі таңда «Ардагерлер» үйіне 159, «Мейір» ардагерлер үйіне 169 жолдамамен қамтылды.

 - 6 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.

Түркістан қаласы бойынша 6925  мүгедек есепте тұрады. Оның ішінде:

Мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету үшін:

- «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 16044,0  мың теңге қаралып,104 адам өтініш білдіріп, 82 адамға қызмет көрсетілген.

-жүріп тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне жергілікті бюджеттен 66308,0 мың теңге қаралып, 460 мүгедекке қызмет көрсетілген.

 -естуі бойынша  ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметін ұсыну үшін республикалық бюджеттен 7881,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10136,0 мың теңге қаралып, 2019 жылдың 5 айында 66 мүгедекке қызмет көрсетілген.

         Мүгедектердің оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз  етілді. Атап айтқанда:

-протезді-ортопедиалық құралдармен –120 адам

-міндетті гигиеналық құралдармен-735 адам

2019 жылы ОЖБ-да әзірленген іс-шараларды орындау мақсатында мүгедектерге санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін251 жолдама беріліп, ем қабылданған.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 32 жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектер және 82 бала кезінен мүгедек балалар есепте тұрады, жалпы 114 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

жалғізілікті қарттар 

2019 жыл

5 ай

 

Төленген қаржы

Қарттар саны

32

244925

1 адамга толенетін сомасы

2525 теңге

 

 

  -үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер 230, қамтамасыз етілгені 230;

Үйде оқитын мүгедек балалар

2019 жылға

5 ай

Төленген қаржы

Мүгедек бала саны

230

2797338

1 адамга толенетін сомасы

2525

 

 

          Жартылай стационар жағдайында 30 мүгедек бала  кешенді қызметтермен қамтылды.

         Әлеуметтік көмек көрсететін «Демеу» қоғамдық қорында әлеуметтік қызметті қажет ететін 40 мүгедек бала кешенді қызметтермен қамтылды.

2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым 55 мүгедек балаға арнаулы  әлеуметтік қызметтерді ұсынды.

 

4.Азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстары бойынша

 

  Түркістан қаласының АХАТ сектор қызметкерлері, 2011 жылдың                      26 желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасының  азаматтық хал актілерін тіркеуді, ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің  жазбаларына  өзгерістер  енгізу,  қалпына келтіру, күшін жою тәртібі  қағидасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы ережесімен   жұмыс  жүргізеді.

Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, әке тану, бала (қыз) асырап алу туралы және тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту  туралы  хал  актілерін  тіркейді. 

Атап айтқанда, 2019  жылдың  5  айында  - туу туралы – 3042оның ішінде  өлі  туылғандар –39; неке қию туралы -732 оның  ішінде  шетел азаматтары -9, қайтыс болу туралы –328, оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар –12;  неке бұзу туралы – 208,  оның ішінде  сот шешімі  бойынша – 101;  әке болуды  анықтау –250, оның ішінде соттың шешімі бойынша –18 ; бала /қыз/ асырап алу –-13, тегін, атын, әкесінің  атын –10 тіркелді.

Сондай-ақ, күрделі істер, оның ішінде - түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істердің  саны –47,  жою  туралы  істер -7 , тууды мерзімі өтіп тіркеу істері –2015,ТАӘ өзгерту туралы  істері  -10.

Сонымен  қатар, анықтамалардың саны –558,қайталама  куәліктердің  саны –947

2019 жылдың  5  айында ҚР–ның  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491- бабына сәйкес  әкімшілік  іс  қозғалмады.

 

5.Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтердің

көрсетілу сапасы бойынша:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім 22 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді. Атап айтқанда:

-азаматтық хал-актілерін тіркеу  саласы бойынша - 9 қызмет;

-әлеуметтік көмек көрсету бойынша - 2 қызмет;

-мүгедектерге оңалту бойынша – 9 қызмет;

-жекелеген санаттағы азаматтар бойынша -2 қызмет

2019 жылдың 5 айында  жалпы  8008 мемлекеттік көрсеткен (тікелей бөлім арқылы-481, ХҚКО арқылы-5455, электронды үкіметтің порталы арқылы 2072 қызмет ).

Атап айтқанда:

-  Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша- 5802 қызмет;

- аз қамтамасыз етілген отбасыларын әлеуметтік көмек көрсету саласы бойынша -459 қызмет;

- жекелеген санаттағы азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету саласы бойынша- 1747қызмет;

 

   Бөлім басшысы                          Н.Бурибаева

Орындағандар:

М.Казиханов