Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Төменгі лауазымдар болып табылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4  санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

           min

max

E-R-4

114294

        154601


І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан  облысы, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс: 8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kz мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

           

1. Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы ( E-R-4 санаты) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің мемлекет мұқтажы үшін алынатын барлық жерлерді нақтылау және үйлестіру; мемлекет мұқтажына алынатын жерлерге қаулыларын заңға сәйкес дайындау; бөлімнің атынан барлық сот процестеріне қатысу; уақытылы жан-жақты мәліметтерді жинақтап мекеме басшысы және жоғарғы тұрған басқармаға мәліметтеу; облыс, қала әкімдерінің және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмалары бойынша мәлімет дайындау және тиістілігі бойынша орындау; қала әкімдігінің жерге қатысты мәселелер бойынша қаулы жобаларын заңға сәйкес дайындау; жоғары тұрған мекемелердің шешімдері мен бұйрықтарын қолдап, орындалуын қамтамасыз ету; бөлімге келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтініштерді уақытылы орындау; жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша жұмыстарды атқару; мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскесін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау; мемлекеттік мұқтажы үшін бірінші кезекте мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын обектілердің тізімін қала әкімімен бекіту және қаржыларды сол тізім бойынша аудару туралы қала әкіміне хат жолдау;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: қызметтер (жерге орналастыру, кадастр, бағалау), техникалық ғылымдар және технологиялар (геодезия және картография, геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, тау-кен ісі, маркшейдрлік іс, құрылыс), ауылшаруашылығы ғылымдары (агрономия, агроэкология, мелиорация, рекультивация және жерді қорғау, агрохимия, агрономия, топырақтану, аграрлық техника және технология, мелиорация, рекультивация және жерді қорғау), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), құқық (құқықтану).

"Назарбаев Университеті","Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


       1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша  нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

     5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

     7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыскүні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

            1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

            2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары мен нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан  кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, денсаулығы туралы анықтамалардың  көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Түркістан қаласы әкімі аппараты»ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  сайты:www.qyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.turakimat.gov.kz



"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы


 

 

Нысан

__________________________

__________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.




 

"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуғаконкурсөткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"


_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүніменнәтижесі, егерүшжылданкемжұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результатыежегоднойоценкиэффективностидеятельностизапоследниетригода, в случае, еслипроработалменеетрехлет, указываютсяоценкизафактическиотработанныйпериод (заполняетсягосударственнымислужащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подписькандидата

_______________
күні/дата