Төменгі болып саналмайтын «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру

Төменгі болып саналмайтын «Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялау  туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы 

           min

max

E-R-3

106289

        142886


І. «Түркістан  қаласы әкімінің аппараты» ММ (161200, Түркістан  облысы, Түркістан қаласы, Ә.Темір №28, анықтама үшін телефон: 8 (725-33) 4-27-66, анықтама үшін телефон/факс:8 (725-33) 4-27-66, электрондық пошта: personal_turkestan@ontustik.gov.kz мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

           

1. Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің өндірістік және құрылыс салуды реттеу секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: сәулет және қала құрылысын жүргізу бағыттарында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентімен өкіметінің жарлықтары мен қаулыларын, басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардың нұсқауларын, облыс және қала әкімінің шешімдерін орындайды; қаланың белгіленген тәртіппен бекітілген Бас жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізеді; сәулет және қала құрылысы қызметінің заңнамалық нормаларының сақталуын бақылайды; облыс әкімі мен орынбасарларының және қала әкімі мен орынбасараларының хаттамалық тапсырмалары бойынша мәліметтерді жинақтап, жауаптарын тиісті орынға жолдауға және орындалуы бойынша жауапты болады; бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойыша тоқсандық, жылдық есебін әзірлейді; ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады; елді мекендерде бағалы сәулеттік-қалақұрылыстық мұраларды сақтау есебімен ауыларалық аумақтарды тұрақты дамыту және игеру бағытындағы басымдық бойынша мемлекетгік бағдарламаны эзірлеу, архитектура және қалақұрылысында ұлттық және мәдени дәстүрлерді дамыту; сәулет, қалақұрылысы және құрылыс мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеуге және келісуге қатысу; жеке тұрғын ұй кұрылысы аумағында инженерлік инфрақұрылым объектілерін эксплуатацияға алу, құрылыспен қамту және ұйымдастыру, тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруды бақылау және рұқсат беру; занды және жеке тұлғалар шағымдары мен өтініштері бойынша шешім және жауап дайындау және қарастыру; бөлімнің жұмыс жоспары және бағдарламасы бойынша бөлім бастығының тапсырмасын орындайды, қалалық сәулеттен апатты және ескірген тұрғын ұйлер жөнінде ақпарат жинау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді; бөлімнің кіріс және шығыс хаттарының мерзімінде орныдалуына ішкі бақылау жүргізеді; құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, күрделі жөндеу, қаланы көркейту және көгалдандыру мәселесін реттейтін жоспарлау ережесі мен құрылыстың басқа да кұжаттарын әзірлеу, құрылысты жобалау және норманы жетілдіру жөнінде ұсынысты әзірлеу; ҚР Заңнамаларында белгіленген тәртіпте құрылысы аяқталған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiн есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастырады; пайдалануға қабылданған объектiлер бойынша жергілікті статистика басқармасына есеп тапсырады; өзіне бағынысты сектор қызметшілерінің жұмысына басшылық етеді және бақылау жасайды; тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін және қаланың сәулеттік келбетін көркейту мақсатында сәулеттік-жобалық ұсыныстар мен эскиздік жобалар әзірлеуді ұйымдастырады; Word, Excel, ЕҚАБЖ, AutoCAD, Autodesk 3ds Max, CorelDRAW, SketchUp және басқада компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істей білуі; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстар жүргізеді; сектор меңгерушісінің міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын сәулет және қала құрылысы саласы бойынша өзге де бөлім басшысының бұйрықтарымен бекітілген міндеттер мен функциялары кіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, маркшейдерлік іс, геодезия және картография, технологиялық машиналар мен жабдықтар), өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), қызметтер көрсету (жерге орналастыру, кадастр, бағалау).

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

2. Түркістан қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру секторының меңгерушісі,   Е-R-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады; Тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеуді және  бекітуді қамтамасыз етеді; Конкурстық және аукциондық құжаттамаға өзгерістер және толықтыру енгізудіқадағалайды; Ұйымдастыру және бақылау бойынша барлық нақтыланған жұмыстарды үйлестіреді; Конкурстық және аукциондық комиссия құрамын айқындауды және бекітудіқамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру барысында заңнамалық нормалардың сақталуын бақылайды; Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындауды  қадағалау. Мекемеге жоғары органдардан, Сот және құзырлы органдардан  келіп түскен, хаттарды талдап қадағалау. Заңнамада көзделген жағдайларда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысты енгізген өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді немесе әлуетті өнім берушіге қайтаруды қамтамасыз етуді үйлестіреді; Мекеменің жылдық жоспарын жасайды және ұсыныс енгізеді. Заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сотқа талап арыздарды  жіберуді  үйлестіреді. Облыс әкімінің, қала әкімінің  және бөлім басшысының хаттамалық тапсырмалары бойынша мәлімет дайындайды және тиістілігі бойынша орындайды. Сектор меңгерушісінің міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), жаратылыстану ғылымдары (математика), білім (математика), құқық (құқықтану).

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


       1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша  нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

     5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

     7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

     8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыскүні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

            1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

            2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

            Жалпы конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілерге тестілеуден өткені туралы сертификат талап етілмейді.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары мен нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан  кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, денсаулығы туралы анықтамалардың  көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Түркістан қаласы әкімі аппараты»ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  сайты:www.qyzmet.gov.kz

Түркістан қаласы әкімі аппаратының сайты: www.turakimat.gov.kz



 

 

Нысан

__________________________

__________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

      

Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.









 

"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуғаконкурсөткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан


"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"


_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүніменнәтижесі, егерүшжылданкемжұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результатыежегоднойоценкиэффективностидеятельностизапоследниетригода, в случае, еслипроработалменеетрехлет, указываютсяоценкизафактическиотработанныйпериод (заполняетсягосударственнымислужащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подписькандидата

_______________
күні/дата