Қала басшысының кезекті жеке қабылдауы

Бүгін қала әкімі Ә.Өсербаев жергілікті  тұрғындарды әр түрлі жеке мәселелерімен қабылдау өткізді.  Жеке қабылдауға кірген 10  азамат жер, тұрғын үй, жұмыс, жарық және тағы басқада әртүрлі  мәселелер  бойынша өз өтініштерін білдірді.  Сондай-ақ, бұл қабылдауға тиісті бөлім басшылары да қатыстырылып, азаматтар өтініштерін қарау, мәселелерді шешу бойынша жауап берді.  Жеке қабылдауда болған азаматтардың дені көп балалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері және жас мамандар. Жеке қабылдау барысында қала басшысы тиісті бөлімдерге тұрғындармен өз дәрежесінде жұмыс жасап, мүмкіндігінше көмек беріп, нәтижелі шешім қабылдауды тапсырды. 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…