Жарты жылдық жұмыс есебінің нәтижесі талқыланды

24-шілде күні қала басшысы Ә.Өсербаевтың төрағалығымен өткізілген апталық мәжілісте әкімдікке қарасты дербес бөлімдердің 6 айлық есебінің қорытындысы бойынша жоспарға сай көрсеткіштердің орындалу барысының нәтижесі талқыланды.

Мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында осы күнге дейін атқарылған жоспарлы жұмыстармен қатар, қаланың әлеуетін арттыру барысындағы шараларды жан-жақты тақылауға салып, есепті кезеңге баға берген қала басшысы алда атқарылатын ауқымды тірліктерді жүйелеу қажеттігін басты назарға алды. Соның ішінде облыс орталығы атанған қаладағы әлеуметтік мәселені шешуге ерекше басымдық беруде. Сонымен бірге, шаһар тұрғындары мен қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымды дамытумен қатар, абаттандыру жұмыстарына қарқын беру қажеттігін жеткізді. Оған қоса, тиісті құрылымдардың туризм саласын дамытуға басымдық беру қажеттігін, сервистік қызметті дамытуға ерекше ден қоюды тапсырды.

Мәжіліс барысында экономика бөлімінің талдауымен жасалған 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2018 жылдың 6-айында орындалу барысы мен салалар бойынша көрсеткіштердің нәтижесі туралы баяндалды.

Сондай-ақ, қала басшысы барлық бөлімдердің жұмыс жоспары мен атқарып жатқан бағыттарының тиімділігін ескеріп, кадрлық баланысты қалыптастыру жүйесін бір ізге қою үшін, жауапты салаларға талдау жұмыстарын жүргізіп, нәтижелі шешім қабылдау мақсатында ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…