«Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясы өтті

19-шілде күнгі қалалық мәдениет үйінде өткен «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс  XXXV конференциясында  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің және Партиялық жаңғыру аясында бастамашыл партиялық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы және «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXXІV конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды. Конференцияға қала әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев, «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» директоры Б.Шойбеков және  партияның бастаушы ұйымдарынан сайланған делегаттар, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияда Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуының бағыттары бойынша А.Темірбаевтың жасаған баяндамасына пікірлер айтылды. Жиын барысында сөз алған қала әкімі Ә.Өсербаев: «Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы әлеуметтік бес бастаманың маңызы өте зор. Оны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа, нақты мазмұнмен байыта түспек. Бес әлеуметтік бастаманың әрқайсысы біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы. Ал оның жүйелі жүзеге асырылуы үшін бәріміз жауаптымыз. Сондықтан да Елбасының бастамаларын қолдауда сөзіміз бен ісіміз әрдайым үйлесім табуы тиіс»-деп өз сөзін қорытындылады.

            Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXXІV конференциясына делегаттар тізімі оқылып, бірауыздан сайланды.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…