Қала тынысы шаһар басшысының назарында

Бүгін қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев ағымдағы жылдың 9-20 шілде аралығында қаламызда ұйымдастырылып жатқан Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі аумақтық қорғаныс жүйесін интеграциялау тұжырымдамасына» сәйкес Түркістан облысының аймақтық қорғаныс полкімен өткізілетін арнайы-тактикалық  жаттығулардың барысымен танысты.  

Аумақтық қорғаныс Бас басқармасының бастығы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері аумақтық әскерлерінің бастығы генерал-майор С.Камалетдинов қала басшысы Ә.Өсербаевты аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің қызметкерлерімен және жауынгерлік дайындық курстарымен таныстырды. Ал қала әкімі Ә.Өсербаев жауапты бөлімдер мен тиісті қауіпсіздікті қаматасыз ететін қызметтерге  арнайы-тактикалық жаттығулардың өтуіне қажетті техникалық құралдармен дер кезінде жабдықталуын қамтамасыз етуді нақтылап тапсырды.

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…