Қала тынысы шаһар басшысының назарында

Қала басшысы Ә.Өсербаев өз жұмыс сапарын "Балалар мен жасөспірімдер" орталығының ағымдағы жөндеу жұмыстарын қадағалаумен және Елбасының "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жуырда осы орталықта ашылатын IT сыныптарының дайындығын пысықтаумен жалғастырды. Ғимараттың жабдықталуын балалардың жұмыс жасауына ыңғайлылығын үйлестіріп, қажетті құралдармен жабдықтауды жауапты бөлім басшыларына тапсырды. 
Сондай-ақ, қаладағы ауқымды іс-шаралардың басым көпшілігі өткізілетін қалалық мәдениет үйінің жай-күйін аралап, алдағы уақытта облыстық деңгейде өткізілетін конференциялар мен мәжілістерге орай арнайы үлкен залдың безендірілуі мен жабдықталуын үйлестіруді жауапты мамандарға жүктеп, шаһар басшысы Ә.Өсербаев барлық шаралардың өз деңгейінде ұйымдастырылуын назарында ұстайтындығын атап өтті.

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…