Ұлттық бірыңғай тест сынағының нәтижесі талқыланды

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінде қала басшысы Ә.Өсербаевтың қатысуымен қалалық білім бөлімінің биылғы Ұлттық бірыңғай тест сынағының нәтижелері туралы мәліметтері талқыланған мәжіліс өтті. Білім бөлімінің басшысы А.Батырбекова жалпы биылғы сынақ нәтижесі турлы көрсеткішті жан жақты саралап, өткен жылмен салыстырмалы түрдегі нәтижені баяндады. 2017-2018 оқу жылын бітірген оқушылардың 1717-сі ҰБТ-ға қатысып, жалпы сынақ нәтижесінің орташа көрсеткіші - 78,2 балды құрады. Мәжіліс барысында биылғы білім нәтижесінің көрсеткіші қала басшысының тарапынан қатаң сынға алынып, төмен нәтиже көрсеткен мектеп басшыларына ескертулер айтылды. Сонымен қатар қаладағы орта білім беретін мекемелердегі білім деңгейін көтеру үшін нақты шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтылды.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…