1-шілде күні туылған сәбиге домбыра сыйға тартылды

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес "Ұлттық домбыра" күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін болады. Биыл бұл мерекенің тұсаукесері 1 шілдеге тура келіп отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының тасырмасына сәйкес барлық облыстардың қала аудандарында "Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра" атты акция ұйымдастырылуда.
Президентжарлығымен бекітілген жаңа мейрамның салтанатына орай қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев "Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра" атты мерекелік акцияның аясында 1-шілде күні алғашқы туылған сәбиге домбыра тарту етті. Қала басшысы өз кезегінде бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиге: "Тәуелсіз еліміздің кемел келешегін, жарқын болашағын жалғайтын көзі ашық, көкірегі ояу елім дейтін Отанымыздың патриотты азаматы, қасиетті қара домбыраның қоңыр үнімен тәрбиеленген рухы мықты ұлағатты ұрпағы болсын" деген ақтілегін білділсе, жас анаға перзент тәрбиесіндегі асқан жауапкершілікті арқалайтын аналық парызы үшін алғысын айтты.
Тағы бір айта кетерлігі мерекелі күннің құрметіне орай кішкентай сәбиге күйші Динаның есімі қойылыпты.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…