«Қазақстан барысы» турнирінде бақ сынайтын түркістандық жас палуан

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде бақ сынайтын түркістандық жас палуан Бейбарыс Әбдіғаниды қабылдап, сәттілік лебізімен ақжолтай тілегін білдірді. Өз кезегінде қала басшысы палуанға: «Осы жолыда жүлделі жеңіспен оралсаң, бұл жеңісің жаңа облыстың орталығы Түркістан қаласының мәртебесін үстем етеді. Сен ең бастысы енді облыс орталығы, киелі Түркістанның намысын ту етіп барасын, сондықтан да бұл жолғы сайысың алдыңғысынан өзгерек болмақ, себебі тарихи мәртебесімен қоса, облыс орталығы статусын алған қаламыздың қос мәртебесін арқалау үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да намысты қолдан бермей, серігің тек жеңіс пен жүлде болсын»- деді. Б.Әбдіғани бұған дейінде әлемдік додаларда намыс қолдан бермеген жүлдегер спортшы. Спорттың самбо, дзю-до, қазақ күресі сияқты түрлерінен шеберлігін шыңдаған. 2013, 2014, 2015 жылдардағы республикалық жастар барысы турнирлерінің жеңімпазы. Қысқасы, 1-шілде күні Астананың төрінде балуандық белдесуде Түркістанның намысы үшін бақ сынайтын Бейбарыстың спорттағы жетістігіде баршылық

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…