Түркістан облысын дамыту перспективалары талқыланды

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен облыс орталығында Түркістан аймағын дамыту перспективалары туралы комиссияның алғашқы отырысы өткізілді. Төраға өз сөзінде: "Мемлекет басшысының стратегиялық шешіміне орай Түркістанды өркендетуге қарқынды серпін беріледі" деді.

Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыстық мемлекеттік органдарды Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселесі туралы және Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының қазіргі жағдайын баяндады.

Сонымен қатар кеңейтілген басқосуда Түркістан қаласының бас жоспарының тұжырымдасына конкурс жариялауды ұйымдастыру мен өткізу және облыстың экономикасын одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Комиссия отырысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары О.Оразалин, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Ұлттық экономика вице-министрі А.Жұмағұлов, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е.Нысанбаев, Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова, Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Бисенқұлов, Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев, Инвестициялар және даму вице-министрі Қ.Өскенбаев, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары О.Әбішев, Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Е.Қожағапанов, Қаржы вице-министрі Қ.Баеділов, Мемлекеттік қызмет істері¬ және сыбайлас жемқор¬лыққа қарсы іс-қимыл ¬агенттігі төрағасының орынбасары А.Шаймова, Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы М.Имандосов қатысты.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…