Үкімет басшысы жаңа облыстың жаңа жобаларымен танысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев және ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң басшысы Әдiлбек Жақсыбеков Түркiстан облысының орталығында болды.

Елбасы Жарлығымен жаңадан құрылған Түркiстан облысының орталығы Түркiстан қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарының жобасымен танысқан Үкiмет басшысы өңiрдiң мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалануға басымдық беру қажеттiгiн атап өттi.

Бұл ретте Түркiстан облысының әкiмi Ж.Түймебаев Үкiмет басшысына Түркiстан қаласының бас жоспарын әзiрлеу кезiнде заман талабына сай қаланың әлеуетiн арттыруға сеп болатын жаңа жобалар басшылыққа алынатынын жеткiздi.

Атап айтсақ, облыс әкiмi өз сөзiнде «Әзiрге жобаланып отырған «Отырар» ықшам ауданынан бой көтеретiн жаңа қала жобасы 65 мың тұрғынға шамаланып жасалған. Орталықтың жалпы аумағы 670 гектар болса, оның iшiнде 170 гектары әкiмшiлiк-iскерлiк орталық, тұрғын үйге арналған алаң көлемi 300 гектарды құрайды. Оған қоса, «Көне Түркiстан» тарихи бөлiгiн жаңғырту мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесi маңындағы қорғандарды реконструкциялау көзделген. «Көне Түркiстан» жобасының негiзгi идеялық мәнiн iске асырудың 2 нұсқасы ұсынылып отыр. Оның бiрiншiсi «Түрксой» ұйымына мүше елдердiң мәдени ошақтарын нақты тарихи сипатта, өзiндiк сәулеттiк нақышта қалыптастыру жөнiнде жобалық ұсыныстарын алу және сол елдерге тиiстi нысандарды салдыру. Екiншi нұсқада түркiтiлдес елдер тарапынан инвестиция салу мәселесiмен қатар отандық немесе басқа да инвесторларды тарту жұмыстары қоса жүргiзу қаралып отыр» - дедi.

Бұдан соң жұмыс сапары көшiрiлетiн мекемелердi жаңа ғимараттар салынғанға дейiн орналастыратын нысандарды аралаумен жалғасты.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…