Қала тазалығы үшін алынған су жаңа техникалар іске қосылды

Күні бүгін Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев қала тазалығы үшін алынған жаңа техникалардың кілтін тапсырды. 189 млн 165 мың теңгеге алынған 8 заманауи үлгідегі жаңа техникалар бір мезетте бірнеше жұмысты атқаруға мүмкіндігі бар. Мәселен су сепкіш құрылғысы бар автокөлік жаз мезгілінде көшені сыпырып әрі су сеуіп тазартса, қыстыгүні мұз бен қарды ерітіп тазалайтын қос мүмкіндігі бар техника. Қала әкімі Ә.Өсербаев өз сөзінде "Түркістан үшін қазіргі таңда ең өзекті мәселе қаланың тазалығы, көріктендіру абаттандыру жұмыстары. Тазалық жұмысын жандандыру үшін оған қажетті техникалық жабдықтардың санын арттыру негізгі міндеттердің бірі. Бұл бағытта қала әкімдігі тарапынан әрдайым алғышарттар жасалып отырады" десе, сонымен қатар облыс орталығы Түрікстанның заман талабына сай даму динамикасын одан әрі арттыруға қажетті бағыттарды жетілдіруді және қаланың логистикалық мүмкіндігін арттыру, қаланы туризм орталығы ретінде дамыту бойынша нақты шараларды жүзеге асыруды қолға алып жатқандығын және алдағы уақытта жұмыс барысында жүктелетін міндет пен талап өте жоғары болатындығын атап өтті. Сондай-ақ, "Ең бастысы қала тазалығына аса мән беріліп,м ұндай техникалардың әлі де бірнешеуі қосымша алынатын болады"- деді.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…