Жаңа облыс жаңа белеске нық қадам

Кеше кешкiсiн Түркiстан облысының орталығында облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев өңiр тұрғындарымен жүздесiп, айтулы сәттiң қуанышымен бөлiстi. Түркiстан қаласының орталық Есiм хан алаңында жиналған халық нөпiрi көп болды.

Барша түркiстандықтарға ерекше серпiн берген елеулi оқиғаны ұлықтауға арналған шарада облыс басшысы алғаш сөз алып, құттықтау тiлегiн жеткiздi.

Түркiстан - ежелден Қазақ хандығының орталығы болған, күллi түркi жұртының рухани ордасы, мәдени астанасы атанған құт мекен. Мұнда құпиясы ашылмаған тың тарихи жәдiгерлер мен сыры беймәлiм жауһарлар көптеп кездеседi. Осынау киелi топырақтың облыс мәртебесiн иемденуi елiмiз үшiн, оның iшiнде өңiрiмiз үшiн зор мақтаныш.

Ендеше, Елбасы қабылдаған бұл шешiм көне шаһардың қойнауында жатқан тарихи жәдiгерлердiң қайта тыныстап, жаңғыруына жол ашса, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық әлеуетiнiң көтерiлуiне, жергiлiктi тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына оң ықпал жасайтынын сөз еткен Түркiстан облысының әкiмi жаңа облыстың жаңаша жетiстiктерге қол жеткiзетiндiгiне тоқталды.

Бұдан соң сөз алған Түркiстан қаласының тұрғыны, қалалық ақсақалдар алқасының мүшесi Шора Исмолдаев жүрекжарды лебiзiн жолдай отырып, Елбасы пәрменiмен iске асырылған Түркiстан облысының тұрғындарына құттықтауын жеткiздi.

Осылайша бастау алған тарихи сәттi ұлықтауды көздеген шараға көпшiлiктiң қуанышын «Ән мен әншi» Ұлы дала астаналарында!» атты мерекелiк концертi еселей түстi.

Түркiстан аспанын әнге бөлеген бағдарламада Қазақстанның өнер жұлдыздары шара көркiн қыздырып, қасиеттi шаһардың кешiн естен кетпес думанға айналдырды.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…