«Балауса» лагері биыл балаларды жаңаша кейіпте қарсы алды.

«Балауса» лагері биыл балаларды жаңаша кейіпте қарсы алды.

 «Балауса» лагері биыл балаларды жаңаша кейіпте қарсы алды. Күрделі жөндеуден өтіп, жаңа мүмкіндіктерге ие болған лагер алғашқы демалушыларын құшағына алып үлгерді. 11- маусым күні жыл сайын алты маусымда балаларды қабылдайтын лагердің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы Рысбеков, қала прокуроры Руслан Әлжанұлы Әбдірайымов, облыстық мәслихаттың депутаты Рахым Көлбайұлы Тәңірбергенов, қалалық мәслихаттың депутаты Айдос Кенжеханұлы Абпазов, қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Үсенқызы Батырбекова, ардагер ұстаз, бірнеше жылдар бойы осы лагерді басқарған Сара Еркінбекқызы Таңғатаровалар балалардың қуанышымен ортақтасты. Балаларды жаңа маусымның ашылуымен құттықтаған Ғани Құрмашұлы жазғы демалыстарын мағыналы өткізіп, жаңа оқу жылына жаңа күш-қуатпен баруларына ниеттестік білдірді. Балалармен бірге лагердің туын жоғары көтерді. Өз кезегінде жасөспірімдер құрметті қонақтар мен ата-аналарының алдында өнерлерін паш етті.

Айта кетерлігі, лагер директоры Бекарыс Ақсақалұлы Шойбековтың бастамасымен «Жұлдызды маусым» жобасы қолға алынды. Алты маусымнан тұратын лагердегі жазғы демалыстың әр маусымында Қазақстанның бір өнер жұлдызы балалармен бірге болып, концерттік бағдарламасын ұсынатын болады. Алғашқы маусымда қонақ болған еліміздің эстрада жұлдызы, бірнеше танымал әндердің орындаушысы Заттыбек Көпбосынұлы әннен шашу шашып, балаларды зор қуанышқа бөледі. Бекарыс Ақсақалұлы өнер жұлдызына ризашылығын білдіріп, сый-сияпат жасады.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…