«Ақылды қала –Астана, Мәңгілік елге –бас қала!»

Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бастамасымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған «Әлемді кітап арқылы танимын» жобасы аясында «Ақылды қала –Астана, Мәңгілік елге –бас қала!» атты байқау мәресіне жетті.

Түркістан орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 42 кітапхана –филиалдарынан қалалық деңгейде өткізілген байқауға қатысқан 30 оқырманның арасынан іріктеу байқаудан оқ қойы озып шыққан 12 оқырман облыстық байқауға жолдама алған еді. Байқаудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, патироттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту; ең көп оқитын оқырмандарды анықтау және оларға қолдау көрсету, 2018 жылы Елордамыз Астанаға 20 жыл толуына орай, балалардың Елорда туралы түсініктерін кеңейту.  Байқауға қалалық, ауылдық кітапханалардан қатысқан 7-10 жасқа дейінгі, 11-15 жасқа дейінгі үміткерлер үш кезеңнен тұратын сайыста өз білгірліктерін көрсете білді. Байқау барысында Ы.Алтынсарин атындағы  балалар кітапханасының директор орынбасары А.Байділдаева бастаған әділқазылар алқасы оқырмандардың сөйлеу мәнеріне, тіл тазалығына, жан –жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеттілігіне назар аудара отырып, облыстық байқауға  7-10 жас ерекшелігі бойынша №16.Т.Бигелдинов  атындағы мектептің  3- сынып оқушысы Исахан Қасымханды, сонымен қатар №31 Абай атындағы мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Әбдікәрім Гауһар,  11-15 жас ерекшелігі бойынша №21 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Киізбаева Ұлболсынды лайық деп таныды. Сонымен бірге, Исахан Қасымханның талантына сүйсіне отырып, облыстық байқауды жүргізуге ұсыныс жасады. Байқауға қатысушылардың барлығы да Алғыс хат пен марапатқа ие болды.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…