Сапаровтар жанұясы - отбасылық сайыстың жеңімпазы атанды.

Сапаровтар жанұясы - отбасылық сайыстың жеңімпазы атанды.

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 4-маусым күні мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына және 23-маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай "Әкем, анам және мен - бақытты жанұя" атты отбасылық спартакиада өткізілді. Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков қатысушыларға сәттілік тілеп, мемлекеттік қызметшілерді келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады. Сайысқа мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің арасынан белсенділік танытқан қызметшілер отбасымен қатысты. 10 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасқан 3 отбасылық топ "Тұлпар", "Сұңқар", "Қыран" командалары өз шапшаңдықтары мен ептіліктерін, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Қыран командысы (Сапаровтар отбасы), ал жүлделі ІІ-ІІІ орындарды Тұлпар командасы (Қондыбаевтар отбасы) мен Сұңқар командасы (Орынбасаровтар отбасы) өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздар кубок пен арнайы дипломдармен марапатталды.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…