Ұлы Жеңіс мерекесі ұлықталды.

   Ұлы Жеңіс мерекесі ұлықталды.

Түркістандықтар 9-мамыр күні Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекесін кең көлемде атап өтті. Мерекелік шарада майданда жанқиярлық, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен соғыс ардагерлері ардақталып, қаза тапқан батырларды еске алып, рухына тағзым етті.

Қала басшысы Т.Мұсаев бір топ соғыс ардагерлерімен бірге «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қойып, жиналғандар майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік іс шарада соғыс жылдарының әндері шырқалып, театрландырылған көрініс қойылды.

Жастарды ерлікпен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі - Ұлы Жеңіс күні тарихымыздың тұғырында таңбаланған айтулы күн. Ұлы Жеңіс күні - жыл өткен сайын ұрпақ санасында қайта жаңғырып, бейбітшілік таңын сыйлаған қастерлі күннің тарих сахнасындағы бағасы арта түсуде.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…