Балаларға қуаныш сыйлаған күн.

Балаларға қуаныш сыйлаған күн.

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған барлық іс- шаралар балаларға тек бақыт сыйлап, қуанышқа бөледі. 

Мерекелік күн О.Жарылқапов атындағы алаңда «Сәлем саған, Астана!» атты салтанатты мектеп оқушыларының шеруімен бастау алды. Шара барысында мектеп ұжымдары мен мектептен тыс мекеме оқушыларының өткен оқу жылында жеткен жетістіктері таныстырылды.

         Мерекелік іс-шаралардың легі орталық Есімхан алаңында жалғасын тапты. Онда балалар мен бүлдіршіндердің қатысуымен «Астана – арман қала» қолөнер көрмесі, «Астана – менің жүрегімде» суретшілер байқауы және «Астанаға – 20 жыл» тақырыбындағы  түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Толағай» отбасылық спорттық сайысы мен Әлия балабақшасының бүлдіршіндерінің сомдаған  «Ақсақ құлан» қойылымы, балақайлардың «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік концерті көпшіліктің  көңіліне  қуаныш сыйлады. Сондай-ақ, үйде оқытылатын балаларға арналған сыйлықтар автокөлікпен жөнелтілді.

   Балаларға қуаныш сыйлаған мереке мәдениет үйінде «Бар мейіріміміз – балаларға!», «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыптары аясында   концерттік бағдарламаға ұласты. Бүлдіршіндерді мерекемен құттықтаған қала басшысы Т.Мұсаев «Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Сондықтан бүлдіршіндерге  бақытты балалық шақ тілеймін. Аңсаған армандарың орындала берсін»,-деген тілегін жеткізді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан  20 оқушыға  жаздық киімдер, оқуда озат бірнеше  мектеп бітіруші түлектерге сый-сияпаттар жасалып, 245 балаға демалыс лагерьлеріне тегін жолдамалар ұсынылды. Оның 10 данасын  оқушыларға қала әкімі арнайы табыстады.   

      Айтулы күні концерттік іс-шарадан соң шаһар басшысы  қаламыздағы бірнеше әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты. Соның бірі С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебіне жапсарлас салынған мәжіліс залы мен асханасының толық пайдалануға берілуі. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабаты 80 орынға лайықталған асхана, екінші қабаты сыйымдылығы 110 орындықты мәжіліс залы.

  Сондай-ақ, Қарашық ауылдық округінде «Алпамыс» жазғы сауықтыру лагері мен Бабайқорған елді мекенінде «Назгүл» балабақшасының ашылуы болды. Жаңа лагерь 6 аусымда 200 баланың демалуына жағдай жасауды мақсат етіп отыр. Ал, «Балапан» бағдарламасы аясында салынған «Назгүл» балабақшасы 100 орынға лайықталған. Балабақшаны салған Ө.Атажановқа қала әкімі Т.Қалманұлы алғыс хат табыс етті.  Алдағы күндері 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылып, тәрбиеленетін болады. 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…