ЕЛДІГІМІЗДІҢ НЫШАНДАРЫ «РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНДА» ҰЛЫҚТАЛДЫ

ЕЛДІГІМІЗДІҢ НЫШАНДАРЫ  «РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНДА» ҰЛЫҚТАЛДЫ

4-МАУСЫМ. Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі «Рәміздер алаңында» кең көлемде аталып өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 26 жылдығына арналған мерекелік шараға қаланың зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары белсенді жастар мен студенттер және қала тұрғындары қатысты.
Шара барысында сөз алған шаһар басшысы Т.Мұсаев және қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев жиналған көпшілікке құттықтау лебіздерін жеткізіп, бірнеше қала белсенділеріне алғыс хаттар тапсырды.
«Көк туымыз, Әнұранымыз бен Елтаңбамыз елдігіміздің айғағы. Мемлекеттік Рәміздерге құрмет көрсету, оны қастерлеу барлығымыздың азаматтық парызымыз. Еліміздің мәртебесі биік болып, Көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз шарықтай берсін», - деп жүрекжарды құттықтауын жолдаған қала әкім Т.Мұсаев айтулы шара көрсеткіш үшін ғана емес, отанға деген құрметтің артуына сеп болатындай мақсатта ұйымдастырылуы керектігін атап өтті.
Аталған күнге орай мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық жанрдағы әндер шырқап, «Жас ұландар» хор ұжымы әуелетіп ән салса, Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымының «Қасиетті рәміздер - елдігіміздің нышаны» тақырыбындағы кітап көрмесі шараға әр бергендей. Осылайша жиналғандарға қала жастарының флешмоб биі де мерекелік күнге тарту болғандай. 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…