Түркістан қаласы тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында өткізілген конференцияның ХАТТАМАСЫ

Түркістан қаласы тұрғындарының пікірін ескеру мақсатында  өткізілген конференцияның

ХАТТАМАСЫ

 

Түркістан қаласы                                                                02.06.2018

 

Өткізілген орын:Түркістан қаласының мәдениет үйі.

Өткізілген уақыты:11-00

Қатысқандар:Қала тұрғындары. Жалпы саны  518 адам.

Конференцияны қала әкімі Т.Мұсаев ашып, өткізіліп отырған конференция мақсатын қатысушыларға түсіндіріп, конференцияны одан әрі жүргізу үшін ортадан төраға сайлауға халықтың ұсынысын сұрайды. Халық арасынан Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Мусабековты төраға етіп сайлау үшін ұсыныс жасалып, дауысқа салынды. Қарсы, қалыс жоқ бірауыздан Б.Мусабеков төраға болып сайланды. 

Сонымен қатар конференцияның хатшысын сайлауға халықтың ұсынысы сұралды. Халықтың ұсынысы бойынша хатшылыққа М.Байғұт сайланды.

Жалпы дауыс беру нәтижесінде төраға мен хатшы бірауыздан сайланды.

Дауыс беру нәтижесінде сайланған төраға одан әрі конференцияны ашып жүргізеді.

Сөз жиын төрағасына беріледі.

Жергілікті тұрғындардың ескеру мақсатында өткізіліп отырған конференцияға жалпы дауыс беру құқығы бар 518 адам.

Қалалық конференция жиынын ашып жүргізетін: Мұсабеков Б.

 

Күн тәртібі

1.  Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының аумағынан ауылдық округтердің жалпы аумағы 721745 гектар жерді шығару арқылы Түркістан қаласы шекарасын өзгерту және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселелерін қарау туралы.

 

Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібін ұсынамын:

1.    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша – 20 минут.

2.    Сұрақ қоюшылар мен пікір айтушыларға 3-5 минут

3.    Ұсыныстар айтушыларға 3-минут

 

Дауыс беру

Қарсылық бар ма? Қарсылық жоқ. Қабылданды.

 

            Бүгінгі мәжілістің күн тәртібіндегі - еліміз үшін маңызды әрі тарихи оқиға - Түркістан қаласының шекарасын өзгерту және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселесі болып отыр.

          Әрине бұл бастама жергілікті халық үшін үлкен мақтаныш пен абырой болмақ. Және де тұрғындардың әлеуметтік әл-аухатын одан әрі көтеруге, қаланың заманауи үлгідегі инфрақұрылымын дамытуға жасалған үлкен мүміндік болар еді. 

          Деседе, бүгінде Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нығайып, өңірдің әр саласында өркенді өзгерістер жалғасын табуда. Төртқақпалы Түркістанға саяхат жасаушы туристердің саны  күн санап артып отыр. Сондай-ақ, Түркістан көршілес аудан, қалалар үшін тоғыз жолдың торабы нағыз сауда  жасау нүктесіне айналғандығы да ақиқат.

          Қаладағы елдің өркендеуінің кепілі болған, көлемді инвестициялар тартылған индустриалды аймақтағы кәсіпорындар өз өнімдерімен қала тұрғындарын және көршілес аудандарды қамтуда. Аймақтың қатары бүгінде өзге де кәсіпорындармен толыға түсуде.

          Сонымен бірге, өңірдегі өзекті мәселені шешудегі игі істің бірі тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес. Қазіргі таңда халықтың біраз бөлігі қамтылып, тұрғындардың тұрмыс жағдайына оң өзгерістер жасалуда.

Сондай-ақ, Түркістан аумағының тұрғындары ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруден өзгелерден көш қалған емес. Шаруа халық күнделікті азық-түлік өнімдерін өз бақшаларында өндіруге де машықтанған.

Ендеше Түркістан халқы үшін бұдан да үлкен мүмкіндік жасалса, түркі халықтарының достығы мен бауырластық байланыстарын нығайтып, түркі мәдениетінің мәйегіне айналған қасиетті қаламыздағы маңызды жобалар одан әрі арта түсетініне сеніміміз мол.

 

Конференцияда тұрғындар арасынан пікір білдірушілерге сөз кезегі берілді.

 

1.    Идрисов Я. қала тұрғыны:

Бүгінгі басқосудың күн тәртібіндегі қозғалып отырған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселесі деген бастамаға өз тарапымнан қуаныштымын. Егер де бұл игі бастама түбегейлі шешеліп жатса, Түркістан қаласының бұдан әрі қарай дамуына деген үлкен мүмкіндіктер беріліп, жол ашылады. Сондықтан да күн тәртібіне қойылған мәселені мен қолдаймын.

2.     Ханділлаев М. зейнеткер, қалалық ақсақалдар алқасының мүшесі:  Облыс әкімі осы мәселені Түркістандық бірқатар азаматтарды шақыртып қозғағанда әуелі Түркістанның климаты туралы мәселені көтерді. Облыстың бас сәулетшісі жасаған бас жоспарды көрсеңіз Ең бастысы Түркістанды көгалдандыру, жасыл желекке айналдыруды алға қойды.

 

3.     Егізбаев Оразгелді зейнеткер:

-  Қаланы облыс әкімшілігінің орталығы ету құптарлық мәселе. Мені осы тұста толғандыратыны Кентау қаласына берілетін ауылдық округтердің жағдайы. Яғни ауылдық округтер Кентауға берілгенде қала болып қалады ма әлде аудан болады ма?. Ауылдық округтер мен елді мекендер үшін тиімдісі аудан болуы. Осы жағы қалай шешіледі екен?.

Қала әкімі Т.Мұсаевтың жауабы: Бүгінгі күн тәртібіндегімәселе бойынша әуелі Түркістан қаласындағы ауылдық округтерден алынатын жердің көлемін анықтап, Түркістан қаласының шекарасының өзгерістерін нақтылау, осы тұрғыдан халықтың пікірін білу. Ал ауылдық округтерді Кентау қаласына қосады ма әлде аудан орталығы етеді ме?! Бұл екенші кезектегі мәселе.

4.     Әзіретбергенов Ж. Қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы:

-  Шын мәнінде бүгінгі талқыланып отырған мәселе өте үлкен тарихи оқиға, тіпті ғасыр жаңалығы десе де болады. Сондықтан да басшылық біздің пікірімізді сұрап отырған тұста біз артық-аспай әңгімеге ұластырмауымыз қажет. Бұл Түркістан халқының игілігіне болатын бастама. Сондықтан біз бұл күн тәртібіндегі мәселені қос қолдап қолдаймыз дегеннен артық айтарымыз болмауы тиіс. Егер ел басқарып отыған азаматтар оңды іс бастаса бұл келешектің кемелді кепілі болмақ. Мәселен сонау климаты өзгеше, бір ғана көшесі бар Астананы Елордаға айналдырып, бүгінде әлем таңқалатын, таңданатын керемет қала етті. Егер де бұл мәселе шешіліп жатса біздің қаламыздан керемет ғимараттар, мәдени ошақтар, демалыс орындары, басқару мекемелері бой көтеретін болады. Менің Сіздерге айтарым мұндай игі бастамаға сұрақпен қарамай тек қолдау білдірейік. Мен бұл бастаманы баршаңызды бірауыздан қолдауға шақырамын.

5.    Құлбайымбетов Ж. Қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы:

-  Иә, Жақан дұрыс айтады.Бұл мәселеде көп ойланып, күмән туғызатын жағдайымыз жоқ. Бұл біздің бағымызға берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан да біз барша Түркістандықтар осы бастама түбейгелі қолдау табу үшін топырағын басып, суын ішіп, ауасын жұтып отырған қаламыздың көркейюіне көңіл аударуымыз керек. Өркениет пен дамуды әр қайсысымыз өзімізден бастайық. Сөйтіп теңізге тамшыдай болсада үлес қосайық. Ең бастысы мәдениетімізді қалыптастырып, Түркістанды тек түлету жолында іс жасайық.

6.    Малыбаева Ғ. зейнеткер, кәсіпкер.

-  Мен осында отырған жастарды қаламыздың болашағы үшін тек жұмыла жұмыс жасауға шақырамын. Әсіресе қаламыздың тазалығын қолға алып, сырттан келетін көпшілікке үлгі болайық. Мен бүгінгі бастаманы қолдаймын және Сіздерді де қолдауға шақырамын.

Жалпы конференцияда тұрғындар Түркістан қаласына қатысты басты мәселелерді талқылай келе тұрғындар Оңтүстік Қазақсан облысы Түркістан қаласының аумағынан ауылдық округтердің жалпы аумағы 721745 гектар жерді шағыру арқылы Түркістан қаласы шекарасын өзгерту және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселелерін орынды екендігін және бұл мәселені толықтай қолдайтындығы жөнінде бір ауыздан шешім қабылдады.

Төраға Б.Мусабеков:Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының аумағынан ауылдық округтердің жалпы аумағы 721745  гектар жерді шағыру арқылы Түркістан қаласы шекарасын өзгерту және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселесіне келісім беруге дауыс берулеріңізді сұраймын.

«Қолдағандар» 518 адам

«Қарсы» - жоқ

«Қалыс» - жоқ

Бір ауыздан қабылданды.

Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер:

Шешім:Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының аумағынан ауылдық округтердің жалпы аумағы 721745 гектар жерді шағыру арқылы Түркістан қаласы шекарасын өзгерту және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселелері бір ауыздан қабылданды.

Күн тәртібі толық қарастырылды.

 

Конференцияның өткізілуі бойынша қандай ұсыныстар мен ескертулер бар?

-         Жоқ

 

Конференцияны жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер

 

 

           Төраға:                                                      Б.Мусабеков

 

           Хатшы:                                                      М.Байғұт

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…