Алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысының Х А Т Т А М А С Ы

Алтыншы  шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысының

Х А Т Т А М А С Ы

Түркістан қаласы                                                              04.06.2018жыл

 

Қатысқандар:             С.Ханділлаев, А.Кенжалиев, А.Тилепова,Ғ.Сарсенбаев,А.Абпазов, М.Қорғанбаев, Ж.Сүлейменова,А.Темірбаев, С.Таштеев, А.Мәди.

Шақырылғандар:Қала әкімінің  орынбасары Ғ.Рысбеков,қала әкімі аппратының басшысы Қ.Мылтықбеков, қала әкімі аппараты заң бөлімінің бас инспекторы Б.Бекділдаев, жер қатынастары бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Ә.Әбдіқадыров, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ж.Тасов.

Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысына ұсынылған мәселелер:

1. «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу» туралы

2. Оңтүстік Қазақстан облысы   Түркістан қаласының  аумағынан ауылдық округтердің жалпы аумағы 721745  гектар жерді  шығару арқылы  Түркістан қаласы шекарасын өзгерту туралы

3.Түркістан қалалық мәслихатының 18.10.2013 жылғы «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның» дербес құрамын бекіту туралы №19/111-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Түркістан қалалық мәслихатының 26.03.2010 жылғы «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия» құрамын бекіту туралы №32/219-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5.Түркістан қалалық мәслихатының «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия  құру туралы» 12.03.2012 жылғы №2/18-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Отырысты сессия  төрайымыЖ.Сүлейменова ашып жүргізіп отырды.

Ж.Сүлейменова:Күнтәртібімен таныстырып өтті.«2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу» туралы мәселе бойынша қажетті құжаттардың дайын болмауына байланысты келесі сессияға қалдырылсын

Отырыстың күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша жауапты мамандар хабарлама жасалып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алынды. Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Тұрақты комиссияға ұсынылған мәселелерді қарап, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы ҚАУЛЫ  ЕТТІ:

1.     Қалалық мәслихаттың кезектен тысотызыншы сессиясына төменде көрсетілген мәселелер ұсынылсын:

- Оңтүстік Қазақстан облысы   Түркістан қаласының  аумағынан ауылдық округтердің жалпы аумағы 721745 гектар жерді  шығару арқылы  Түркістан қаласы шекарасын өзгерту туралы

- Түркістан қалалық мәслихатының 18.10.2013 жылғы «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның» дербес құрамын бекіту туралы №19/111-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

- Түркістан қалалық мәслихатының 26.03.2010 жылғы «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия» құрамын бекіту туралы №32/219-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

- Түркістан қалалық мәслихатының «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия  құру туралы» 12.03.2012 жылғы №2/18-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2. «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу» туралы мәселе келесі сессияға қалдырылсын

 

Тұрақты комиссия төрайымы                                Ж.Сүлейменова

Қалалық  мәслихат

хатшысы                                                                    Ғ.Сарсенбаев

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…