«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «23» сәуір

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің

қорытындысы

Алматы, Қазақстан - Бірыңгай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жэне меншікті активтері бойынша 2017 жылгы қаржы есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншікті капиталы 91,3 млрд теңгені құрап, есепті жылда 18,1 млрд теңгеге өсті. Өсім есепті кезеңде үлестірілмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есепті жыл ішінде салық салудан кейін қалған таза пайда - 18,2 млрд теңгені құрады.

2018 жылғы 1 каңтардагы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 трлн теңгені құрады. Сөйтіп 2017 жылдың басынан бері 1,1 трлн теңгеге артты. Яғни, бір жыл ішіндегі өсім 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Жалпы ішкі өніміне қатынасы 15,1 пайызды құрады (2016 жылы нақтыланған дерек бойынша - 14,2%).

2017 жылы түсімдердің жалпы сомасы (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 757,7 млрд теңге болды. Зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 8 пайызға артты. 2016 жылы бұл көрсеткіш (қайтарылган жарналарды есепке алмағанда) 700,7 млрд теңгені құраған болатын. 2017 жылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 жеке зейнетақы шотына орта есеппен 120 мың теңгеге жуыққаржы келіп түсті.

*

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 7,92 пайызды қүрады. Бүл кезеңде инфляция деңгейі 7,1 пайыз болғанын еске саламы?.

2017 жылдың қаңтар - желтоқсан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 211,12 млрд тенге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 26,06 млрд тенге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 169,69 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 22,69 млрд теңгені құрады. 2017 жылы орта есеппен 1 адамға берілген зейнетақы төлемдерінің сомасы шамамен 576,5 мың теңгеге жетті.

Сонымен қатар есепті кезенде зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында электрондық қызметтерді дамытуға ерекше мән берілді.

2017 жылы ақпарат алудың электрондық тәсілі таңдалған жеке зейнетақы шоттарының саны 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 млн бірлікке немесе 66 пайызга артты. Хабарлау тәсілі ретінде интернет байланысы таңдалған зейнетақы шоттарының үлесі 30 пайыздан 49 пайызға өсті. Сөйтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 4,7 млн бірлікті құрады. Нақты айтар болсақ, шамамен 0,8 млн адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 3,9 млн адам ақпаратты Қор сайты немесе эр түрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ЕНПФ» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкіндігіне ие болды. 2017 жылы олардың қатарына хабарлау тәсілін өзгерту туралы косымша келісім жасау арқылы 1,3 млн салымшы (алушы) келіп қосылды.

Қор 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап салымшылар мен алушыларға Қор кеңселеріне келмей-ақ негізгі қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық сервистерді енгізді. Олардың ішінде міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толған кезде немесе 1 ,-ші және 2-ші топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру мүмкіндіктерін атауға болады.

Электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 2017 жылы 45 пайыздан 52 пайызға дейін өсті. Жоспар бойынша бұл 47 пайыз болатын.

Салымшылар мен алушылар Қордың зейнетақы қызметтеріне өз бетімен қол жеткізе алулары үшін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалымен жұмыс істеу бойынша арнайы сервис әзірленді. 2017 жылдың 4-ші тоқсанында Қордың барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет корсету терминалдары орнатылды. Осы заманауи технология арқылы салымшылар мен алушылар енді зейнетақы шотын ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін тагайындауға дейінгі барлық дерлік электрондық қызметтерді пайдалана алады.

Зейнетақы Қоры халықтың әлеуметтік түрғыдан осал топтарына, олардың ішінде әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөледі. Осылайша, 2017 жылы «Мобильдік кеңсе» жобасыаясында 2016 жылгақарағанда 6,5 есекөп операция жүзегеасырылды. 2017 жылы Қор қызметтерін тұтынушылардың тұргылықты жері бойынша 7,1 мың көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мың операция жасалды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылы 1,1 мың көшпелі шара өткізіліп, 29 мың операция жүзеге асырылды. Оның ішінде жоба бойынша 13,5 мың салымшы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетіліп, 38,7 мың операция орындалды. 2016 жылы осы санаттағы 15,7 мың адамға қызмет көрсетіліп, барлығы 47 мың операция жүзеге асырылған болатын.

БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18,1мың көшпелі таныстырылымдық шара өткізді. Бүл кездесулерге 557 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту үшін ақпараттық- түсіндіру жүмыстарын күшейту және облыстық филиалдардың жұмысымен жете танысу үшін Қор басшылыгы Қазақстанның барлық облыстарына іс-сапармен шықты. Іс-сапар барысында Астана мен Алматы қалаларының жэне барлық облыс әкімдіктерімен ынтымақтастық жэне әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Қор жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету жэне тұрғындармен арадағы байланысты ныгайту мақсатында БЖЗҚ жанында Қоғамдық кеңес құрылған болатын. Ол Қор жэне салымшылар мен алушылар арасындағы түрақты да тиімді ақпараттық-коммуникациялык арна іспеттес болды. 2017 жылы 6 отырыс және ҚР Ұлттық Банкі мен қаржы нарығының сарапшыларын тарта отырып, зейнетақы жүйесі туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Есепті кезеңде Қорға кері байланыс арналары бойынша азаматтардан 405 780 өтініш келіп түсті. Бүл 2016 жылга қарағанда (169 159) 2,4 есе көп. Өтініштердің 65 пайызы байланыс орталыгы, 27 пайызы Қор сайтындағы онлайн кеңесші, 8 пайызы басқа арналар арқылы келіп түскен. Олардың ішінде Қор кеңсесі, кері байланыс сервисі, Қор сайтындағы Баскарма төрайымының блогы, Пікірлер мен ұсыныстар кітабы жэне Қордың элеуметтік желідегі парақшалары бар.

2018 жылдың бірінші тоқсанында зейнетақы активтері 193 млрд теңгеге артып, 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 7,97 трлн теңгені құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі (98%) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасты. Биылғы жылдың алғашқы үш айында 92,2 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Жеке зейнетақы шотына келігі түсетін бір зейнетақы жарнасының орташа мөлшері 15 700 теңгені құрады.

2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде таза инвестициялық табыс 66 млрд теңгені құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылыгы 2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың наурызы аралығында 8,00 пайызды қүрады. Ал бүл кезеңде инфляция деңгейі 6,6 пайызға жетті. Яғни, табыстылық инфляция деңгейінен жоғары болды.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 72,4 млрд теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,9 млрд -теңгені құрады. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылдың сэйкес кезеңінде БЖЗҚ-дан төленген төлемдер сомасы 77,35 млрд теңгені, ал сақтандыру үйымдарына жасалған аударымдар 6,04 млрд теңгені қүраған болатын.

2018 жылдың 1 сәуіріне қарай Қор сайтында электрондық сервистер іске қосылғалы бері оларды 20 мыңға жуық (нақты: 19 194) адам пайдаланып үлгерді. Олардың ішінде 2298 салымшы онлайн тәртібінде жеке- зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш берген. Сондай-ақ 11 754 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 4155 салымшы зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

Одан басқа 2018 жылдың алғашқы үш айы ішінде зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша кәсіпорындар мен үйымдарда 4,8 мың таныстырылымдық шаралар өткізіліп, оларга 152 мыңнан астам адам қатысты.

БЖЗҚ түрақты түрде Ашық есік күні шарасын өткізіп тұрады. 2018 жылдың 27 наурызында кезекті шара өткізіліп, оған шамамен 4806 адам қатысты.

2018 жылдың алғашқы тоқсанында электрондық хабарлау тәсілін пайдаланушылардың саны 294,7 мың адамға артты. 2018 жылдың 1 сәуіріне қарай 5 миллионная астам адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдады. Оның ішінде 823 мыңнан астам адам үзінді-көшірмені электрондық мекенжайға алатын болса, 4,2 миллионная астам адам бүл үшін Қор сайтын немесе ұялы қосымшасын пайдаланады.

БЖЗҚ 2013 жылгы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде цүрылды. БЖЗҚ цүрылтайшысы және                     акционері- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитеті» ММ арцылы Қазацстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ активтерін сенімгерлікпен басцаруды Қазақстан Республикасының Банкі жүзеге асырады. 2016 жылгы 1 қаңтардан бастап зейнетац активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша үсыныстар жасау цызметі Қазацстан Республикасыныц Президенті басшылъщ ететін Үлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ацпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…