АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «23» сәуір

 

БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйренді

2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды.

«Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыра отырып,БЖЗҚ-ның оң беделін қалыптастыру арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімді ныгайту қажет. Сонымен қатар дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитін қалыптастыру және ерікті зеййётақы жоспарларын дамыту керек, - деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.

2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбір салымшы үшін кэсіпқой кеңесшіге айналуы тиіс. Осы міндеттердіорындау үшін 2018 жылы сәуірде Қор дербес кеңес беру қызметін іске косты. Осы қызмет аясында жеке жэне корпоративтік зейнетақы калькуляторы қолданылады.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары екі апта ішінде (2-14 сәуір аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткізді.Бүл ретте консультациялардың басым бөлігі Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткізілді.

БЖЗҚ 2013 жылгы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде цүрылды. БЖЗҚ цүрылтайшысы және акционері- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитеті» ММ арцылы Қазацстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ активтерін сенімгерлікпен басцаруды Қазақстан Республикасының Банкі жүзеге асырады. 2016 жылгы 1 қаңтардан бастап зейнетац активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша үсыныстар жасау цызметі Қазацстан Республикасыныц Президенті басшылъщ ететін Үлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ацпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…