Алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысының Х А Т Т А М А С Ы

Алтыншы  шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысының

Х А Т Т А М А С Ы

Түркістан қаласы                                                              07.02.2018 жыл

 

Қатысқандар:             С.Ханділлаев,  А.Кенжалиев, С.Арыстанов,   М.Дүйсебеков, Ж.Сүлейменова, Х.Азимов,  Е.Мұстапаев, С.Тәженов,  А.Ибрагимов.

 

Шақырылғандар:    

 

Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысына ұсынылған мәселелер:

1.  Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №5/21-VI «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;

3.  Түркістан қаласы, Шорнақ  ауылдық округіне қарасты «32-РАЗЪЕЗД елдімекенін» «Қарсақты елдімекені», Жібек жолы ауылдық округіне қарасты «30- РАЗЪЕЗД елдімекенін» «Ескі Сауран елдімекені» деп қайта атау туралы;

4.  Түркістан қаласындағы жобалық нөмірленген  көшелерге /329/ атау беру туралы.

Отырысты сессия  төрағасы М.Д         үйсебеков ашып жүргізіп отырды.

Құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі көшелерге ат беру мәселесі бойынша сөз, Ж.Жұмабековаға беріледі. (Ж.Жұмабекова хабарлама жасады).

М.Дүйсебеков:Хабарлама аяқталды, сұрақтарыңыз болса қоюға болады.

Ж.Сүлейменова:Майкотов Керімбек. ҰОС ардагері, кеңес дәуірінде қызмет жасаған. Сол кісінің атын бір көшеге беруді ұсынамын.

С.Арыстанов:Мұны ұсыныс жасау керек.

А.Кенжалиев:Алтын төбе - Алти төбе екеуі бөлек па?

Ж.Жұмабекова:Екеуі бөлек. Біз алдымен Республикалық ономастикалық комиссия қарауына ұсыныс жасаймыз. Ол жақта түгел өтпеуі мүмкін. Адам аттарын беруді  Елбасы тоқтату керектігін айтты.

А.Кенжалиев:Кейбір атауларын дұрыс жазылуын қадағалау керек.

С.Ханділлаев:Мына жерде қазақ ханын өлтірген адам есімдері жазылыпты.

А.Кенжалиев:Біз ұсыныс жасайтын болсақ қайтара бермей ұсынайық.

С.Арыстанов:Үлкен көшелерге дұрыс аттар берейік. Есет батырдың атын бір көшеге беру керек.

Ж.Жұмабекова:Алдағы уақытта қарастырамыз.

Е.Мұстапаев:Қызыл жол елді мекенінің атын өзгерту керек.

Ж.Жұмабекова:Осы мәселені ұсынған соң, ол мәселені көтереміз. Енді «Түркістан қаласы, Шорнақ  ауылдық округіне қарасты «32-РАЗЪЕЗД елдімекенін» «Қарсақты елдімекені», Жібек жолы ауылдық округіне қарасты «30- РАЗЪЕЗД елдімекенін» «Ескі Сауран елдімекені» деп қайта атау туралы» мәселені қарап берсеңіздер, сол елді мекен халықтарының өздерінің өтініші бойынша

М.Дүйсебеков:  «Түркістан қаласы, Шорнақ  ауылдық округіне қарасты «32-РАЗЪЕЗД елдімекенін» «Қарсақты елдімекені», Жібек жолы ауылдық округіне қарасты «30- РАЗЪЕЗД елдімекенін» «Ескі Сауран елдімекені» деп қайта атау туралы» мәселеге бір ауыздан қолдау білдірді.

М.Дүйсебеков: Құрметті депутаттар, бұл мәселе ономастикалық комиссия отырысында қаралды. Университеттен 4-5 ғалым, біраз депутат қатысып, талқыладық.

Басқа сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болмаса  күн тәртібіндегі келесі «Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәселе бойынша сөз А.Асановқа беріледі.

А.Асанов:2016 жылы бекіткенбіз. Заңдарға өзгеріс енгізіліп қалдықтарды кәдеге жарату бойынша сұрыптап ең жарамайтын қалдықтарды көмуіміз керек. Қалғанын переработка жасау керек.

Ж.Сүлейменова:Осы мәселе бойынша істелініп жатқан жұмыстың есебін берсін.

С.Арыстанов:Субсидия бермейсіңдер ма?

А.Асанов:Біз бюджеттен ақша бөлмейміз, тарифті бекітеміз.

С.Арыстанов:Ол дұрыс екен. Қоқысты ақша төлеп ешкім апармайды ғой.

Ж.Сүлейменова: Мен 10 жылда әлі көрген жоқпын көшемізден келісім бойынша қоқыс әкеткен адамды.

А.Асанов:Ол жұмыстарды биыл бастаймыз.

Ж.Сүлейменова:Көшелермен келісімге  тұрып тазаласын.

С.Арыстанов:лоток тазалаңдар, әйтпесе айыппұл саламыз деп қорқытты.

А.Асанов:Ол дұрыс емес.

Е.Мұстапаев:Тас арықтан жаз мезгілінде су жіберу керек.

А.Асанов:Тас арықтың барлығын уровеньмен қойылған каналдан Қазыбек би көшесіне беріледі.

Е.Мұстапаев:Ол жерден тоқтап қалмау керек су ағып кететін болу керек.

Ж.Сүлейменова:м/ауданда қалдықтар үйіліп жатыр.

А.Асанов:Тариф бекітілмесе келісімге отыра алмаймыз.

Ж.Сүлейменова:Ж.К.Х. бөлімін комиссия құрып тексеру жүргізу керек, лампочкалар тастайтын урналар түгел ма, қойылған ба соны тексеру керек

С.Ханділлаев:Егер қалаға керек болса бекітіп берейік.

С.Арыстанов:Қалада жарықтандыруды күшейту керек. Көшелерді жарықтандыру керек.

А.Кенжалиев:Көшеге қоқысты қаппен шығаруды басқаша жолын қарастырып, өзгерту керек.

А.Асанов:Оны қойсақ барлығы сол жерге толтырып тастайды.

М.Дүйсебеков:Есесіне бір жерге тасталады ғой.

С.Арыстанов:Қалдықтарды әр қайсысын сұрыптамай-ақ бір жерге  тастайтын орын ашып қойсақ өзіңе де алуға оңай.

М.Дүйсебеков:  Басқа сұрақтарыңыз болмаса келесі «Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №5/21-VI «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселеге көшейік.

Н.Бурибаева:Құрметті депутаттар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 05.07.2017 №08-1-27/12169/ 3 І К -7105,1 жолдаған хатына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы, 21 қыркүйек 2016 жылы №7/68-6 Отан қорғаушылар күніне 1949-1991 жж. Аралығында әскери қызмет атқарған Семей ядролық сынақ полигоны қатерлі аймағында болған азаматтарға, Ауған соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмек 20 айлық есептік көрсеткішінде төленеді делінген. Яғни, (2017 жылдан 45 380 теңге) төлем мемлекеттік бюджет есебінен делінген.

Осындай әлеуметтік көмек Шымкент қаласы, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында, Шиелі, Жаңақорған, Арыс аудандарында 65 00-69 000 теңгеден  жылда Отан қорғаушылар күні мерекесінде Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге төленеді. Ал біздің қаламызда бұл көмек 5 АЕК көлемінде, яғни 11 375 теңге төленеді. Енді осы көмектің мөлшерін 20 АЕК-ке ұлғайтуларыңызды сұранамын.

А.Кенжалиев:Бюджет көтере ма? М.Таңғатаровпен келісілді ма?

С.Ханділлаев:Осыған қоса батыр аналарға да беру керек

М.Дүйсебеков:Батыр аналарға талдау жасап келсін.Басқа ұсыныс, сұрақтарыңыз болмаса, отырыстың қаулысымен таныстырайын.

Тұрақты комиссияға ұсынылған мәселелерді қарап, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы   ҚАУЛЫ  ЕТТІ:

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясына төменде көрсетілген мәселе ұсынылсын:

 

1.  Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №5/21-VI «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы;

3.  Түркістан қаласы, Шорнақ  ауылдық округіне қарасты «32-РАЗЪЕЗД елдімекенін» «Қарсақты елдімекені», Жібек жолы ауылдық округіне қарасты «30- РАЗЪЕЗД елдімекенін» «Ескі Сауран елдімекені» деп қайта атау туралы;

4.  Түркістан қаласындағы жобалық нөмірленген  көшелерге /329/ атау беру туралы.

 

      Тұрақты комиссия төрағасы                                       М.Дүйсебеков

 

    Қалалық мәслихат хатшысы                                        Ғ.Сарсенбаев

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…