Түркістан қаласы әкімдігі жанына құрылған ономастика саласы бойынша жұмысшы топтың жиналысы

Түркістан қаласы әкімдігі жанына құрылған ономастика саласы бойынша жұмысшы топтың жиналысы

 

Түркістан қаласы                                      №2                            19.01.2018 жыл. 

 

 Қатысқан: 65

Қолдағандар: 65

Қолдамағандар: 0                                                                                                           

Ардагерлер кеңесінің төрағасы: Ғ.Рысбеков                                                                        

Ақсақалдар алқасының төраға орынбасары: Н.Шәріпұлы                                                                        

 Қоғамдық келісім кеңесінің төраға орынбасары:  Ш.Жүсіпов                                           

Қатысушылар: ақсақалдар алқасы, ардагерлер кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, көше тұрғындары, ономастика мәселелері бойынша құрылған жұмысшы топтың мүшесі, ХҚТУ профессоры Х.Тұрсын, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Жұмабекова.

                                        

КҮН  ТӘРТІБІ:

Түркістан қаласындағы атауы жоқ, жобалық нөмірленген /329/ көшелеріне тарихи, жер-су атауларын беру туралы

                             

Күн тәртібіндегі мәселе бойыншақалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбаймбетовке сөз беріледі. 

Ғ.Рысбеков:Құрметті  ақсақалдар алқасының мүшелері, жиналысқа қатысушылар!

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің «Қазақстан  Республикасын ың  әкімшілік-аумақтық  құрылысы  туралы»  1993 жылғы   8 желтоқсандағы Заңның және Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге,  елді   мекендердің құрамдас  бөліктеріне   атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың  атауларының  транскрипциясын   нақтылау  мен өзгерту  кезінде  тиісті   аумақ  халқының  пікірін  ескеру  қағидаларын  бекіту  туралы»  2014 жылғы  24 ақпандағы   №138   Қаулысының  нормаларына  сәйкес, Түркістан қаласындағы атауы жоқ, жобалық нөмірленген 329 көшеге тарихи, жер-су атауларын беру туралы жергілікті «Түркістан» газетінде жарияланған болатын. Осыған орай, өз ойларыңызды ортаға салып, пікір білдірсеңіздер.

Х.Тұрсын: Атау беру мәселесі бүгінгі таңға ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Тарихи атауларды беру өте орынды деп ойлаймын. Ата бабамыздың отырған жерін білу әрбір Қазақстандық үшін міндет деп білемін. Сондықтан тарихи жер-су атауларын беруді жөн деп санаймын.

Н.Шәріпұлы:Ия, рухани астанамыз  күннен күнге жан-жақты дамып келе жатыр. Әлемді өзіне қаратып, 2017 жылы «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» атанып отыр. Қала көшелерінің атаусыз тұрғаны жарамас. БАҚ беттерінде жарияланған тарихи жер-су атаулары көңілге қонымды деп ойлаймын. Сондықтан бір ауыздан мақұлдап, ұсыныс білдіруге шақырамын.

Ш.Жүсіпов: 2010 жылдан бері мораторий жарияланып, атау беру мәселесі қатаң қолға алынып жатыр. Кісі есімдерін шектеп, тарихи атауларды беру мәселесі қолға алынып жатыр. Өте құптарлық іс деп санаймын.

Б.Жарылқасынов:тарихи атаулардың маңыздылығын ескеріп, Қазақ жеріндегі қасиетті мекендер мен тарихы терең жерлерімізді дәріптеп, қала көшелеріне беріп жатса құптарлық іс деп санаймын. Рухани астанамыздың көшелерінің атаулары тарихи атаулармен толығып жатса көңіл қуантарлық іс. Бір ауыздан мақұлдап, қолдау білдірейік.

Ғ.Рысбеков:Ал, жиналысқа қатысушылар! Рухани астанамыздың көшелеріне тарихы терең атауларды кейінгі ұрпаққа аманат ету мақсатында ата- бабамыз шоғырланған жер атауларын беруге бірге атсалысайық.

ШЕШІМ ЕТТІ:

1.     Түркістан қаласындағы 329 көшеге ұсынылған тарихи жер-су атаулары бір ауыздан мақұлдансын.

2.     Ұсынылған атаулар мәслихаттың кезекті отырысына қаралау үшін ұсынылсын.

 

Жиналыс төрағасы                             Ғ.Рысбеков

 

Жиналыс хатшысы                          Ж.Жумабекова

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…