«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 16-шы желтоқсан еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған өлең шумақтары

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаменті Түркістан қалалық № 1 бөлімінің маманы Мамбетов Шокан Толегеновичтің «ХҚКО»-ның 10 жылдығы мен 16- желтоқсан еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне орай арнаған өлең шумақтары
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Халыққа қызмет көрсету орталығының 10 жылдығына арнау.
 
Жаза алсам жүректен құнды жырды,
Арнайын орталыққа бұл жырымды,
Жеті жүзден астам қызмет ұсынатын,
Атқарып жүр тірлікті тындырымды.
 
Бар қызмет бір орынға топталыпты,
Қуантып қызметімен көп халықты,
10 – жылдық мерейтоймен құттықтаймын,
Халық үшін еңбек еткен орталықты.
 
Жаңа бағыт – жаңа жолға жетелесін,
Кеңейтіп орталықтың керегесін,
Келер жылдар көркейтсін, гүлдендірсін,
Халықтың ең беделді мекемесін.
Тәуелсіз елім - Қазақстан.
 
Қaзaқпыз біз туын биік көтерген,
Туын әсeм қырaн бүркіт көмкергeн.
Құтты бoлсын мерeкеміз бүгінгі,
Жaрқын дaлам, құлпыра бер күнде сен.
 
Елдігіңді шeт eлдер мойындады,
Сaн армандар іске aсты ойыңдағы.
Тeрeзесі тең eлдер қатaрында
Сaлтанатпен өтудe тойыңдағы.
 
Биік ұстa тәуелсіздік жалауын,
Бірлік дoстық бейбітшілік қалауын,
Мeрейлі жыл 26 жас құтты болсын,
Бaқ кетпесін әр үйінeн қaзақтың.
 
Тәуeлсіз 26 жыл туды биік ұстадың,
Көтeрді елің уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастaп бақытты болашақта,
Жасaй бер, жаса, Тәуелсіз Қaзaқстaным!!!
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…