“Үздік қызметкер” кубогінің иегері

 

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы –  “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінің Түркістан қалалық № 1 бөлім қызметкерлері арасынан таңдалған  2017 жылдың “Үздік қызметкер” кубогінің  иегері  

Джакипова Жанат Толбасиевна  1969 жылы  Түркістан қаласында дүниеге келген. Төрт баланың анасы аяулы жар, ардақты ана.  Өзінің жұмыс өтілімін 1987 жылы Алматы қаласындағы “Мақта -мата” комбинатынан бастаған. 1989-2012 жж. аралығында  Түркістан қалалық  Ішкі істер басқармасының  Көші-Қон полиция бөлімінде “төлқұжатшы” болып қызмет  атқарып, 2012 жылғы маусымнан бастап  “ХҚКО”-да қазіргі таңға дейін өз қызметтік міндетін  жоғары деңгейде көрсетіп келеді.  Ағымдағы жылдың  тамызында “Қазақстан Республикасының  Конституция күні” мерекесіне орай, Басқарма төрағасы А.Е.Оспановтың алғыс хатымен марапатталды. Өзінің ақ жарқын мінезімен, жұмыс барысындағы ұқыптылығымен ұжым қызметкерлері арасынан ерекшеленеді.  Құжат қабылдауда жоғарғы көрсеткіш  көрсетіп, сонымен қатар бас тартуларға жол бермеген  30 жылдық еңбек өтілі бар Жанат Толбасиевна бөлім қызметкерлеріне  үлгі болатын  білікті маман.

 

 
 
 
 
 
 
 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…