Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттадыХалықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

«Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-форум» қоғамдық бірлестігі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерін «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудың V рәсімін өткізді. 

«Саяси жігерлігі үшін» номинациясы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын жетілдіріп, сапасын көтергені және кері байланысты қамтамасыз еткені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.

А.Оспановтың айтуынша, бұл - марапат күн сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында тер төгіп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердің еңбегі, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлі зор.

«Мемлекеттік корпорациясын құру - Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бірі. Және бұл марапат мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық және барынша қолжетімді ету жолында «Азаматтарға арналған үкімет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейді», - деді Оспанов.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

коммерциялық емесакционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…