Түркістандықтар мешітке қолдау көрсетті

 

2015 жылы Түркия Республикасы тарапынан тарту есебінде салынған «Түркістан Ахмет Ясауи» орталық мешітін күтіп ұстауға және оның коммуналдық шығындарына орта есеппен жылына 19 миллион теңгеге жуық қаржы қажет. Осы шығындарды өтеуге мешіт жамағатынан түскен қаржы жеткіліксіз. Соған байланысты қала әкімдігінің қолдауымен жыл сайын аталған имандылық үйінің қажетін өтеу мақсатында қала көлемінде акция ұйымдастырылып келеді. Сол қайырымдылық шарасы биыл да өз жалғасын тауып отыр. 
Атап айтсақ, «Түркістан Ахмет Ясауи» атындағы орталық мешітінің бас имамы Омар Елеуұлы жергілікті әкімдікке ұсыныс жасап, сол ұсыныс негізінде қала басшылығы өңірдегі жаны жомарт жандардың басын қосып, бас имамның ұсынысына мүмкіндігіне қарай қолдау көрсетуге шақырды. Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен акцияға әкімдікке қарасты бөлімдер, ауыл әкімдері, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен білім беру, денсаулық сақтау салалары, өзге де мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты. 
Жиынды ашып жүргізген қала әкімі Ә.Өсербаев көпшілікке акцияның мақсатын түсіндіріп, жалпы қаладағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан мешіт қазынасына қомақты қаржы беретінін жеткізді. Сонымен бірге, қалалық «Ардагерлер кеңесі», «Ақсақалдар алқасы» және ҚХА жанындағы «Қоғамдық келісім кеңесі» төрағалары мен кеңес мүшелері де шараға атсалысып, қаржылай көмек қолдарын созып, қариялар жұртшылық алдында баршаны сауапты істен шет қалмауға шақырды. 
Осылайша бастау алған акцияға қатысушылар игі іске қолдау білдіруде белсенділік танытты. Айта кетерлігі, бұл шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

   

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 
 
 
 
 
 
Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…