Пошта қызметінің сапасы артуда

 

pochta 1Дүниежүзілік пошташылар күніне орай Түркістан қаласында «Қазпошта» филиалының қайта жаңғыртылған ғимараты пайдалануға берілді. Игілікті шараға қатысқан қала әкімі Ә.Өсербаев осы саладағы қызметкерлер мен ардагерлерді құттықтап, өңірдегі пошта қызметінің даму жолында келе жатқанын тілге тиек етті.

Жиында «Самұрық-Қазына» ӘАҚ бағдарламасы аясында іске асқан орталық операциялық учаскесінің жаңғыртылған ғимаратын аралап көрген қонақтар мен жергілікті тұрғындар саланың уақыт өткен сайын қызмет көрсету сапасы артып келе жатқанына көз жеткізді.

Түркістан қалалық «Қазпошта» филиалының басшысы С.Тәженов мекемеде атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, алдағы уақтта халыққа қызмет көрсету сапасының арта беретіндігін атап өтті.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

 pochta 2 pochta 3

 

 

 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…