Жеке тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мен тәрбиелеудегі отбасының рөлі

paraalisveris 0704Қазақстан соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша айтулы қадамдар жасады. Бұл, ең алдымен, тұжырымдамалық негізі 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және «100 нақты қадам» ұлт жоспары болып табылатын мемлекеттің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылуымен байланысты.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудағы Қазақстанның жаңа кезеңі анық белгіленген, онда превенцияға, яғни сыбайлас жемқорлық көріністерін жасайтын себептер мен жағдайларды жоюға назар аударылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес экономикалық, саяси, құқықтық, психологиялық, білім беру және тәрбиелік шаралар жүйесін қолдануды болжайды. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің қосымша саласын шектеуге, оның әсер ету дәрежесін төмендетуге, зиянды салдарын азайтуға күш салу қажет және мектептегі білім/отбасылық тәрбие қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атмосфераны құруға, жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылығын қалыптастыруға өз үлесін қоса алады және қосуға тиіс.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болашақ ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау жалпыға бірдей күш-жігердің арқасында қол жеткізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу шеңберінде отбасының рөлін жете бағаламауға болмайды. Бұл аспектідегі проблема мынада: ата-аналар көбінесе баланы ересек, саналы өмірге дайындауға аса мән бере бермейді. Керісінше, олар сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы үстел басындағы, тұрмыстық пікірлермен қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде теріс элемент болып қызмет етеді.

Отбасында адал, сіңірген еңбек ұлттық тәрбие негізі, адамгершілік пен әрекет негізі және өзегі ретінде үстем болуы тиіс. Содан кейін біз отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоя аламыз.

Мемлекет басшысымен нақты міндет қойылды: сыбайлас жемқорлыққа барлық қоғамды белсенді түрде тарта отырып, оның себептері мен алғышарттарын анықтау және жою жұмысын күшейту. Осы міндетті ойдағыдай шешу сыбайлас жемқорлық пен тамыр-таныстықтан еркін елдің болашағына немқұрайлы қарамайтын әр адамның мүддесіне жауап береді. 

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…