Түркістан қалалық мәслихатының «Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешімінің жобасына

Түркістан қалалық мәслихатының «Түркістан қаласы бойынша

тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау

туралы» шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Мемлекеттік орган - жобаны әзірлеуші

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негізі

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабы 2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi №512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне  және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес және Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қажеттілігіне байланысты

3

Жоба қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық және /немесе/ құқықтық болжамды нәтижелері

Жобаны қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және /немесе/ құқықтық салдарға алып келмейді

4

Жобаны іске асыруға байланысты қаржы шығындарының болжамы

Жобаны қабылдау барысында қалалық бюджеттің шығындарының көлемі 62317000 теңгеге ұлғаяды.

5

Жобаны қабылдаудың болжанатын тиімділігі, күтілген нәтижелерінің уақыты және нақты мақсаттары

Жобаны қабылдау Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін нақты айқындайды

6

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған актілері және оның іске асыру нәтижелері

Қабылданбаған

7

Жобаға сәйкес заңдылықты жетілдіру қажеттілігі

Талап етілмейді

8

Өзге де мәліметтер

Жоқ

 

    Түркістан қаласы әкімдігінің

    жұмыспен қамту және әлеуметтік

    бағдарламалар бөлімінің басшысы                                                     Н.Бурибаева

 

 

Орын. Р.Ибрагимов

Тел.:8 (72533) 4-28-40

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…