«Түркістан қаласы Жүйнек ауылдық округінде 120 орындық бала-бақша ашу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

«Түркістан қаласы Жүйнек ауылдық округінде 120 орындық бала-бақша ашу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама (Қызығушылықтарды білдіру сұрау салуы)

 

Түркістан қаласы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 44 бабы 1-тармағының                         1-тармақшасына сәйкес «Түркістан қаласы Жүйнек ауылдық округінде 120  орындық бала-бақша ашу үрдісін ұйымдастыру және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі - Жоба) әлеуетті жекеше әріптеспен бастамашылық еткенін хабарлайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі техникалық-экономикалық өлшемдері және бюджеттен сұратылатын төлемдер (әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық еткен тұжырымдамаға сәйкес): Жүйнек елді мекенінде халық санының көбейуі мектепке дейінгі оқыту және  тәрбиемен балалаларды қамтамасыз ету.

120 орындық балабақша ғимараты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығындағы көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс.

Бюджеттен сұратылған төлемдер: операциялық шығындарды компенсациялау.

Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары:

Әлеуетті жекеше әріптес Заңының 32-бабымен анықталған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы керек.

Жоспарланған МЖӘ жобасы бойынша іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер осындай жобаны іске асыру мүмкіндіктері туралы баламалы ұсынысты өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып ұсынады, оның ішінде:

-         Әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын;

-         Заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

-         Мемлекетке тиесілі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);

-         Объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі құқықтарды растайтын құжаттарды;

-         Әзірленген МЖӘ тұжырымдама жобасын.

Қызығушылық білдіру өтінішін ұсыну орны, күні және уақыты:

Осы жобаны жүзеге асыруға қызығушылық білдірген жағдайда, қызығушылық білдірген тұлғаға қажетті құжаттарды осы мекенжай бойынша ұсынуы керек: 2017 жылғы 30 маусымынан кешіктірмей  Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан қаласы, Әйтеке би көшесі, №27 үй Түркістан қаласы әкімдігінің «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, телефон:8 (72533)    3-30-37.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…