Ақпараттық хабарлама!

Ақпараттық хабарлама!

Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2017 жылдың   31 мамыр  сағат 10.00-ден бастап 17.00-дейін www.gosreestr.kzМемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында коммуналдық меншіктегі нысандарға электрондық аукцион өткізілетіндігі туралы  хабарлайды

Коммуналдық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің                    2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

I.Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісімен электрондық аукционға келесі  нысан қойылады:

«Түркістан қонақ үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы мемлекеттің 100 % қатысу үлесі.

Мекен-жайы:ОҚО, Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі, н/з.

Сауда-саттық әдісі– электрондық сауда-саттықтың бағаны көтеру әдісі.

Алғашқы бағасы–  361 031 622 тенге.

Бастапқы бағасы– 361 031 622 тенге.

Электрондық сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна– 54 154 744 теңге.

ЖШС-нің қызметінің басты бағыттары:

1.     Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады;

2.     Серіктестіктің қызметінің мәні болып табылатындар: қонақ жай қызметтерін көрсету;

3.     Серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион немесе тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Кепілдік жарнаны алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;

БСН: 050540004455; ЖСК KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX;

Банк аталуы «Казкоммерцбанк» АҚ; ТТК:171; БеК: 16.

Төлемді тағайындау – тендерге немесе аукционға қатысу үшін кепілдік жарнасы (кепілдік жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді).Тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жеке енгізіледі.

Аукцион немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);
     Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукцион немесе коммерциялық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған үлгі нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукцион немесе коммерциялық тендерге қатысушылар өтінімді мынадай:

1) мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірмелерді;

2) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің веб-бетінде арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік ұсыныс пен бағалық ұсынысты;

3) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген сатып алушыға қойылатын ерекше шарттар мен қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариатта куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариатта расталған көшірмелерін ұсынады.

Аукцион немесе коммерциялық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
     2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Аукцион немесе коммерциялық тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға және коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
   

Электрондық аукционға қатысу тәртібі мен шарттары:

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді.

Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдiсi бойынша электрондық аукцион:

1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгiленген қадамға жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамайтын болса, осы жекешелендiру объектiсi бойынша электрондық аукцион өткiзiлмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiреуi осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгiленген қадамға жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растайтын болса, бастапқы баға белгiленген қадамға артады;
      3) егер ағымдағы баға артқаннан кейiн жиырма минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру объектiсiнiң ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн соңғы растаған қатысушы жеңiмпаз болып танылады, ал осы жекешелендiру объектiсi бойынша электрондық аукцион өткiзiлген болып танылады.

 Жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтың бағаны көтеру әдiсi бойынша электрондық аукцион қатысушылардың бiреуi ұсынған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi.
      Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемiнде екi қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттықтың бағаны көтеру әдiсi бойынша электрондық аукцион өткiзiлген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екi қадамға өсуiн кемiнде екi қатысушы жүзеге асырады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады.

 ОҚО, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №3 мекен-жайындааукционның немесе коммерциялық тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куәландырылған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн беру сатып алушы сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төленгеннен кейiн бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрыққа қол қою жолымен жүргiзiледi.

Тендер өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтта  және мына телефон арқылы алуға болады: 8 (72533) 4-14-49.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…